Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша анықтама

БЕКІТЕМІН:

«Қызылқоға аудандық

құрылыс бөлімі» ММ басшысы

______Ә.Әбдіғалиев «___»_____________ 2018жыл

 

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі (әрі қарай-Бөлім) басшысының 2018 жылдың 13 маусымдағы №53 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) сот актілері

7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

-өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы бойынша.

- есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау бағытында мақалалар берілді.

- 2018 жылдың 5 айында бөлімге қатысты тексеріс барысында жұмыс уақытын сақатамауына байланысты, бөлімнің 2 қызметкерінен заң талаптарына сәйкес тәртіптік шаралары алынды.

- есепті кезеңде Заңды тұлғалардан 1 өтініш түсіп, тіркеу күні асып кетуіне байланысты бөлімдегі жауапты маманнан тәртіптік шарасы алынды. жеке тұлғалардан өтініштер болған жоқ. Ұсыныс жәшігіне ешқандай арыз, шағым, өтініш, ұсыныс, талаптар түспеген. Бұл жөнінде ай сайын тиісті акт жасақталып отыр.

- есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілері және сот актілері болдыратын жағдайлар орын алған жоқ.

-Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің штаттық құрылымы 3 мемлекеттік қызметшіден тұрады. Атап айтқанда, бөлім басшысы 1 бірлік, бөлімнің бас маманы 2 бірлік.

Есептік кезеңіңде, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында 3 қызметкер жұмыстан босатылып, оның ішінде 1 қызметкер негізгі қызметшінің орынында жүруіне байланысты жұмыстан босатылды.Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ. 5 ай бойынша 2 қызметкер жұмысқа алынды.

Сондай-ақ, бөлім басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде және Жұмыспен қамту орталығы арқылы жолдамамен жүзеге асырылды. Бөлімде 2017 жылдың 5 айында 50 бұйрық қабылданған. Қабылданған бұйрықтарда сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдары, Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы №39 «Қызылқоға ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысы.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Бөлімнің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ. «Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны және оған жауапты қызметкердің аты-жөні тұрақты түрде жергілікті баспасөз беттерінде жариялануда. Сенім сымтетігі толықтай жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атына Әдеп

кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ.

Бөлім бойынша есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жариялануды. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралыхаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

Бөлім арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталмады.

Жоғарыда айтылғандай, бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының жетекшісі___________ А.Б.Бейбітов

«____» ______________ 2018жыл

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының мүшесі___________ Н.Е.Қуанышқалиев

«____» ____________ 2018 жыл

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген,

жұмыс тобының мүшесі___________ Н.А.Тасболатов

«_____» ______________ 2018 жыл

 


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 07:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 07:40

Қаралым саны: 1013