Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміЕсенғалиев Жарас Мағазұлы

Аудан әкімінің 2018 жылғы 21 қарашадағы №432-ө өкімімен Есенгалиев Жарас Магазович Қызылқоға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Есенгалиев Жарас Магазович 1984 жылы 26 қазанда Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, информатика, Батыс- Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетін, құқықтану бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы «Миялы сервис» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорынында оператор болып бастаған. Кейін «Казпочта» акционерлік қоғамының Атырау облыстық филиалында оператор, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінде инженер, «Мемлекеттік Жер ғылыми өндірістік орталығы» Атырау еншілес мекемесінің Қызылқоға аудандық жер кадастрында техник программист, Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маманның міндетін уақытша атқарушы, Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру кадр және мемлекеттік құқықтық бөлімінде бас маман, Индер аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Атырау облысы Дін істер басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Руханият әлемі» облыстық-ақпараттық танымдық газетінде бас редактор, Мақат ауданы әкімінің көмекшісі, Мақат ауданы әкімінің аппаратының басшысы лауазымдарын атқарған. Отбасылы.


Мақаланың шыққан күні: 17.06.2016 14:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.05.2019 16:13

Қаралым саны: 1656