Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.06.2018

Қызметтер

Жемқорлық – індет, жою – міндет

Өркениеттің өркешіне жармасқан елдер үшін бас ауруға айналған сыбайлас жемқорлық өкінішке орай күнтәртібінен түспейтін мәселе болды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауларында да атап өтуі, ел алаңдаған мәселеге Елбасы да бей – жай қарамайтындығын білдірсе керек. Елбасы қабылдаған «100 нақты қадам» -Ұлт жоспарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге ерекше назар аударып отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны болдырмау кез келген құқықтық, демократиялық ашық қоғамның басты мақсаты. Осыған орай, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» заңда жемқорлық көріністерінің алдын алу бағыттары жетілдірілді. Жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамамен қатар қабылданған «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңнамалық актілердің мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу,олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай – ақ, оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз ету.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті адам өзінен бастауы керек және жемқорлық әрекеттері орын алған жағдайда құзырлы органдарға хабарлау қажет. Сыбайлас жемқорлық деректерімен кездескен жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 1424 телефоны арқылы ақпарат беруге болады. Жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабар берген азаматтарға сыйақы белгіленген. Қорыта айтқанда сыбайлас жемқорлық – заңбұзушылықтың ең қауіпті түрі. Қоғамның әр мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы жемқорлықты жоюға белсенді түрде араласқанда ғана оның тамырына балта шаба аламыз.

 

Жанар Куанышева Жангелдин ауылдық

округі әкімі аппаратының бас маманы


Мақаланың шыққан күні:: 18.05.2018 08:39
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.05.2018 08:39