Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.06.2018

Қызметтер

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша сыбайластыққа жол бермеу мақсатында атқарылған жұмыстар туралы

ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауында сыбайлас жемқорлық мәселесін ашық көрсетіп барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда сыбайластықпен ымырасыз күресу қажеттілігіне баса назар аударып келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес - Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі Аудандық сәулет және қала құрылысы саласының негізгі бағыттарының бірі. Жемқорлық Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмысына кері әсерін тігізеді, халықтың сеніміне нұқсан келтіреді.

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауданың сәулет және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттей отырып және адамның мекендейтін, тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қоныстарды тұрақты дамыту бағытында ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңдары және Елбасының Жарлығымен бекітілген Ар-намыс Кодексін қолдану арқылы жұмыс жүргізіп келеді.

Бөлімде 1 бас маман, 2 келісім шарт негізінде маман жұмыс жасайды.Кірістер басқармасына табыс туралы декларация уақтылы тапсырылып отырылады.

Бөлімде сыбайлас жемқорлықпен күресті жүргізу үшін жұмыс жоспарына сәйкес отырыс өткізіліп, онда сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және іс-шаралар жоспарын іске асырудың жайы, қызметтік әдепті сақтау жағдайлары қаралып, хаттама жасақталған.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сенім телефоны жұмыс жасайды.Сенім телефоны арқылы түскен өтініштер құпиялығы сақталып, бақылауға алынады және арыз-шағым жәшігі орнатылып, журналы ашылған. Күні бүгінге өтініштер түскен жоқ.

Бөлімге биылғы жылдың 4 айындағы есеп бойынша 239 ауылдық округ әкімшіліктері арқылы жеке тұрғындардың жер телімдерін сұраған ұсыныстары түсіп, о.і 117 өтініш иелері кезекке қойылған. Қалған 122 өтініш жер телімдерін нақтылау, құжаттарын дұрыстау, тіркету және әлеуметтік нысандар. Аталған өтініштер заңдылыққа сәйкес қанағаттандырылуда.

2017 жылдың қортындысымен тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспары 85/11539,0 ш/м деп күтілуде. 2018 жылдың 4 айы бойынша 28/4199,8 ш/м, болып отыр.

Алдағы уақытта бөлімнің басты міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлықтың тамыр жаюына жол бермеуге табанды күрес жүргізу болып табылады.


Мақаланың шыққан күні:: 16.05.2018 07:54
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.05.2018 07:54