Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлықпен күрес - баянды болашақтың кепілі

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында алға қойылған он міндеттің тоғызыншысында сыбайлас жемқорлықпен күресті жалғастыра беру, азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту атап көрсеткен болатын. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заң қабылданғаннан бері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары түрде жүргізіліп келеді.

Тұщықұдық ауылдық окургі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015 - 2025 жылдарға арналған бағдарлама басшылыққа алынып, іске асыру үшін іс - шаралар жоспары жасақталды. Ауылдық округ бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін электронды түрде алуға көңіл бөлініп отыр. 2017 жылдың шілде айынан бастап Тұщықұдық ауылдық әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлері "Электрондық үкімет" веб-порталымен көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің жоспарына сай электронды үкімет веб-порталымен жұмыс жасау, электронды түрде қызмет алу бойынша мекемелерде, тұрғындар арасында семинар - тренингтер өткізілді және бейнероликтер көрсетілді. Ауылдық округ әкімшілігінің әлеуметтік желідегі почтасына электронды қызмет алу жөнінде ақпараттар салынды. Тұщықұдық ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты көрсетілген стенді жасалынды.

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектепте "Парасатты азамат" бұрышы жасақталып, "Адал ұрпақ" клубы жұмыс жасайды. Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" деген атаумен бұрыш жасақталып, оқушыларға түсінік беріліп, сауалнама жүргізілді. Жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында 11 сынып оқушыларымен әңгіме сағаты өткізіліп, үзіліс уақытында слайд-шоу көрсетілді, оқушылар арасында сурет байқауы өткізілді. "Жастар жемқорлыққа қарсы" тақырыбындағы театрландырылған көріністер аудандық, облыстық байқауында жүлделі орынға ие болды. "Құлыншақ" бөбекжай - балабақшасының педагогикалық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде жиналыс өткізілді.

Ауылдық округі әкімі аппаратында және округке қарасты барлық мекемелерде арнайы сенім телефоны мен тұрғындардың арыз - шағымдарын қабылдау жәшігі және ұсыныс - пікірлер журналы жасақталынған. Орталықтағы Ш.Шәріпов көшесінің бойына "Міндетіміз ортақ - жемқорлықсыз болашақ", "Назарсыз қалдырма- жемқорлықтың жібін үз" тақырыбында баннерлер ілінді.

"Нұр Отан" партиясы Исатай аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі Қоғамдық кеңестің жоспарына сәйкес наурыз айында "Нұр Отан" партиясының 2015-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл бағдарламасын іске асыру мақсатындағы "Тұщықұдық" бастауыш партия ұйымының жұмысын тыңдау өтті.

Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы нәтижеге жетуге болады. Осы бағытта жұмыстар жалғасады.

 

М.Өтеғалиев.

Тұщықұдық ауылдық округтің әкімі


Мақаланың шыққан күні: 21.06.2018 05:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.06.2018 05:55

Қаралым саны: 1019