Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

"Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бойынша 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.

Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 21 ақпандағы №58 бұйрығы «Мектепке дейінгі бал алар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №15 бұйрығы «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аппарат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша 2018 жылы барлығы 516 мемлекеттік қызмет көрсетілді олар:

1) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою -45;

2) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру -471;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

Аппаратпен барлығы 23 өтініш қаралды ( жеке тұлғадан 23).

Жер кодексіне сай, 2017 жылы жер мәселесі бойынша барлығы 23 өтініш түсті, 23 қаралып, 12 қанағаттандырылды, 11 түсінік берілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Прокурорлық наразылық келіп түскен жоқ. Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы, мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

2017 жылы аппарат қызметкерлері арасындағы 3 жиналыс өткізіліп, «Дендер» газетіне 1 мақала жарияланды. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу» тақырыбында 200 жаднама таратылды. Округ әкімшілігі ғимараты маңына «Саll-сenter 1424» баннер орнатылды.

Есептік кезеңде Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

 

Округ әкімі: М.Кусайнов


Мақаланың шыққан күні: 25.06.2018 07:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2018 07:15

Қаралым саны: 1069