Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Заңды білу үлкен абырой

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру - біздің еліміздің мемлекеттік саясатының маңызды стратегиялық басымдылығы ретінде қаралады.

Бұның нақты дәлелі Қазақстан Республикасының 2015- 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы он жылдық стратегиясы. Сонымен қатар «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің, жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуын тежейтіндігін, жалпы халықтың әл-ауқатын арттыруға үлкен кедергі екендігін түсініп, басты назарда ұстауы керек. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдардың талаптарын қатаң сақтап, күнделікті жұмысында қолдану мемлекеттік қызметшіге үлкен абырой, кәсіби маман болуға жетелейді.

 

М.Бисенгалиев, аудандық

кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы


Мақаланың шыққан күні: 29.10.2019 17:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.10.2019 17:28

Қаралым саны: 328