Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Елбасының өмірі мен қызметімен танысу

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің ең жоғарғы лауазымды қызметін атқаруына 30 жыл толуына орай «Бата» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

Бұл танымдық іс-шараға қаланың бірнеше - Ф.Досымова атындағы №12 орта мектеп, Ә.Молдағұлова атындағы №22 орта мектеп, Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық гимназия, Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектеп, №3 мектеп-гимназиясы жанындағы лагерь демалушылары қатысты.

Сонымен қатар «Н.Ә.Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» атты ұйымдастырылған кітап көрмесінде Н.Крупская атындағы №18 орта мектеп, Қ.Сатпаев атындағы №19 орта мектеп, Әлия Молдағұлова №22 атындағы орта мектеп, Т.Амандосов атындағы орта мектеп, №36 мектеп-гимназия оқушылары көрермендер назарына ұсынылған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдарда шыққан кітаптары мен шет тілдегі еңбектері, Жолдаулары, Елбасының жоғарғы мемлекеттік марапаттары, мемлекет басшылары мен отандық авторлардың қолтаңбасы бар кітаптарымен танысты.

Аталған іс-шаралар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолын, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін жан-жақты көрсету, мұражай кітапханасы қорындағы Елбасының әр жылдарда жазған еңбектері мен жарлықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.


Мақаланың шыққан күні: 03.07.2019 10:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.07.2019 10:09

Қаралым саны: 588