Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.08.2017

Қызметтер

Жер ресурстары

Жер ресурстарыІ. Инвентаризация земель сельскохозяйственного назначения

І. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу

Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2 134 941 гектар жер учаскесіне түгендеу жүргізілді. Түгендеу барысында жалпы көлемі 196962 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. 1300 га жер учаскелері иесіз ретінде есепке қойылды, 23303 га жер учаскелерінің иелеріне Жер кодексіне сәйкес Атырау облысы аумақтық жер инспекциясы арқылы ескертулер беріліп, заңдылыққа сәйкес мерзімі өткен соң сот арқылы мемлекет меншігіне қайтару шаралары қабылданады.

«Атырау мемлекеттік жерге орналастыру ғылыми өндірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны Индер, Махамбет және Қызылқоға аудандарында ауылшаруашылық жерлеріне тексеру жүргізген болатын. Аталған тексеру барысында көлемі 54 295 гектарды құрайтын 207 жер учаскесі пайдаланылмай отырған жер ретінде анықталды.   

Қайтарылған жерлерді ауылшаруашылық айналымға қосуда 2012 жылы қайтарылған жер учаскелерінің есебінен 30068 га жер учаскесі айналымға тартылды. Жер учаскелерін айналымға қосуда жан-жақты зерделеп, ауылшаруашылығын жетілдіруге қабілеті бар, озық технологияны қолданатын жеке және заңды тұлғаларға беруге көңіл бөлініп отыр.

ІІ. Тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерін түгендеу жұмыстарының қортындысы туралы

Атырау облысы бойынша түгендеуге жататын 2005-2010 жылдары жеке тұрғын үй құрылысы үшін 28840 жер учаскесі берілген болса, 5598 жер учаскелері игерілмегендер ретінде оларға түгендеу жүргізілді.                 

Түгендеу жұмыстары нәтижесінде 207 жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, 37 жер учаскесі пайдаланушының иесі анықталмай, иесіз ретінде есепке қойылды., ал 561 (55,1 га) жер учаскесінің материалдары шара қабылдау үшінаумақтық жер инспекциясына жолданды.


Жер ресурстарыЖер ресурстарыЖер ресурстары


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 13:18
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.09.2016 11:46