Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.06.2017

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы

2017 жылғы 6 ақпан күні облыс әкімінің орынбасары Ә.Нәутиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе: «Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтудың жәй-күйі» (Білім беру басқармасы); «Облыс көлеміндегі жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын-алу және оңалту жұмыстары туралы» (облыстық наркология диспансері)қаралды.

Бірінші мәселе бойынша облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова облыстағы мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтудың жәй-күйі туралы баяндады.

Комиссия отырысының төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Әлібек Ибатоллаұлы отырыс барысында қаралған мәселелерді қорытындылап, бірнеше тапсырмалар берді: мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту жағдайы, соның ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды бақылау, балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру мақсатында оқушы санын ескере отырып, мектеп асханаларының жапсаржай құрылыстарына ұсыныс беру, кәмелетке толмағандардың арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын одан әрі жетілдіру, т.б.

Сондай-ақ, Комиссия төрағасы әлеуметтік желілердегі өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін сайттар зияндылығы туралы ата-аналардың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Облыста 180 мектепте ыстық тамақ ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен қамтылатын 1-4 сынып оқушылары мен 5-11 сыныптың әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары. 1-4 сыныпта оқитын - 51143 оқушы ал әлеуметтік көмек алатын 5-11 сыныпта 5759, барлығы – 56902 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Тегін ыстық тамақпен қамтылып отырған оқушыларды 2015 жылдан бері тегін балмен және аптаның 2 күнінде ешкі сүтімен қамтылады.


Мақаланың шыққан күні:: 09.02.2017 18:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.02.2017 18:10