Array Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы: зорлық-зомбылықтың алдын-алу, қыздар тәрбиесі | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2017

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы: зорлық-зомбылықтың алдын-алу, қыздар тәрбиесі

Заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области: профилактика насилия, воспитание девочек

2017 жылғы 3 наурыз күні облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары, облыстық білім беру басқармасының басшысы Н.Сайлауованың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу, соның ішінде педофильдік іс-әрекеттерді болдырмау бойынша атқарылған жұмыстар туралы (облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі); ерте жастан жүктіліктің алдын-алу және қыздар тәрбиесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы (Білім беру басқармасы); үкіметтік емес ұйымдардың кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы («Қазақстанның Тәуелсіз ұрпағы» Үкіметтік емес ұйымы) мәселелер қаралды.

Екінші мәселе бойынша облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова ерте жастан жүктіліктің алдын-алу және қыздар тәрбиесі жұмыстары туралы ақпараттандырды.

Облыстың білім беру ұйымдарында ерте жастан жүкті болудың алдын алу жұмыстарын күшейту бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, ай сайын көшпелі семинарлар өткізілді.

Ақпараттық жұмыс жолға қойылды.

Жылдық тәрбие жұмысының жоспарындағы іс-шараларда жоба аясындағы қыз бала тәрбиесі бойынша өткізілген шаралардың үлесі артты. Яғни, 2015 жылы 149 (қалалық, аудандық шара) дәрігерлердің, әке-аналардың қатысуымен өткізілсе, 2016 жылы 188 шара өтті.

Жағдайлардың алдын алу бойынша жүріс-тұрысы көп, өрескел қылығымен көзге түскен, ата-анасы жиі іссапарда болатын, жайсыз отбасы, т.б «қауіпті топ» қыздар туралы мәлімет картасы жасақталды.

Оқушылардың құқықтық сауаттылығы артты. Қыздарымыз қиын жағдайға тап болғанда кімге айта алатынын біледі.

Білім беру орындарындағы анонимді жәшіктерге түскен өтініштер және басқа да ақпараттарды тексеру аптасына бір рет білім беру орнының және мектеп инспекторының қатысуымен тексеріліп, жауап берулер ұйымдастырылады.

Ата-аналар белсенділігі жоғарлады. Бұл орайда Жылыой, Құрманғазы аудандарының жұмыстарын атап айтуға болады.

Іс-шараларды кәсіпорындарға барып өткізу тәжірибеге енгізілуде. Білім беру басқармасы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне семинар өткізсе, осындай жұмыстар Атырау қаласы мен аудандарда да жүргізілді.

Барлық білім беру ұйымдарында Ұлдар кеңесі жұмыс жасайды. Соңғы кездері Әкелер мектептерінің қызметін жандандыру бағытында жұмыстарын жүргізілуде, олардың саны - 166. Әкелерді бала тәрбиесі тарту, қоғамдық жұмыстарға араластыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы орта білім беретін мектептердің тәрбие қызметінің мониторингсі жүргізіледі. Өткен оқу жылмен салыстырғанда мектепте ерте жастан жүкті болғандардың саны екі есе азайды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірнеше тапсырмалар берілді: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында көшелерде, мекемелерде БАҚ және теледидарлар арқылы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдар кеңінен тарту; жастарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталықтарының қызметтерін ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыру; қыздар, ұлдар тәрбиесі бағытында жұмыстарды күшейту; жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілерін отбасыларға патронаттық тәрбиеге беру жұмыстарын кеңінен насихаттау, т.б.
Заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области: профилактика насилия, воспитание девочек


Мақаланың шыққан күні:: 18.03.2017 16:49
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.03.2017 16:49