Array Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы: басты мәселе – қыз тәрбиесі | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.04.2017

Қызметтер

Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы: басты мәселе – қыз тәрбиесі

Өткен аптада Атырау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының жылдық жоспарына сәйкес бірінші отырысы өтті.
Отырыста қыздар тәрбиесі және жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын-алу және оңалту жұмыстары мәселелері қаралды.
Атырау облыстық білім беру ұйымдарында «Ұлттық құндылығымыздың ұйытқысы – тәрбиелі қыз» жобасы іске асуда. Отырыста жоба жұмысының 1-жылдық мониторингісі жасақталып, талқыланды.
Кәмелетке толмағандардың арасында нашақорлық алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстар жан-жақты қаралып, тапсырмалар берілді.
Мәселелерді талқылау барысында комиссия мүшелері өмірдің қиын жағдайына тап болған қыздарға көмек көрсетуді ұйымдастыру, бала тәрбиесінде әкелердің ролін көтеру бойынша жұмыстарды күшейту ұсыныстары берілді.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 12:09
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 12:09