Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясы

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясыОблыс әкімінің орынбасары Ш.Мұқанның төрағалығымен наурыздың басында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде кәмелетке толмағандарды қосымша білім берумен қамту және қосымша білім беру желісін дамыту жұмыстары туралы, мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтудың жәй-күйі туралы мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова облыстағы балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім берумен қамтудың жай-күйі туралы баяндады.

Комиссия отырысын облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы қорытындылап, балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналасуға тарту жұмыстарын жолға қою, аула клубтарын ашу мәселесін қарастыру, балалар туризмін дамыту бойынша шаралар алу, кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының желісін көбейту шараларын жүргізу бойынша тапсырмалар берді.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясы

 

Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 12:07
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 12:07