Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы: дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасауды жақсарту қажет

Заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области: необходимо улучшение создания условий для занятия спортом и физической культуры

2017 жылғы 30 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Ә.Нәутиевтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысында қаралған мәселелер: Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялардың жұмысы туралы (Н. Өмірбаев, А. Балахметов, М. Өтеғалиев), Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың салауатты өмір салты ұстанымын ұстауға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасаудағы атқарылған жұмыстар туралы (А. Бекет).

Отырыс қорытындысы бойынша бірнеше тапсырмалар берілді: кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялардың жұмыстарын жақсарту бағытында, ал екінші мәселе бойынша-кәмелетке толмағандардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасау; балалар мен жастардың арасында көпшілік спорт шараларын ұйымдастырып, өткізуге көңіл бөлу; жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін көпшілік спорт орындарын ұйымдастыру, т.б.


Мақаланың шыққан күні:: 08.06.2017 06:24
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.06.2017 06:24