Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау

Заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области:защита прав детей сирот и детей,оставшихся без попечения родителей 

2017 жылғы 5 шілде күні облыс әкімінің орынбасары Ә.Нәутиевтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы өтті.
Комиссияның кезекті отырысында Ішкі істер бөлімінде есепте тұрған балалармен атқарылған профилактикалық жұмыстар туралы (аталған балалар отбасы жағдайын зерделеу, балаларды спорт секциялары мен үйірмелерге тарту жұмыстары), жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстары туралы мәселелер қаралды.
Екінші мәселе бойынша Білім беру басқармасының басшысы Нұрсауле Сайлауова баяндама жасады.
Атырау облысында 0-18-ге дейінгі жастағы жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 605, оның ішінде 478-і, немесе 79%-ы - қазақстандық азаматтардың отбасыларына берілсе, интернаттық мекемелердің барлық түрінде 127-сі, яғни 21%-ы (білім беру саласында – 93, денсаулық сақтау саласында – 18, әлеуметтік қорғау саласында - 13 бала) тәрбиеленуде.
 Балалар үйі жанынан 2011 жылдан бері «Қабылдаушы ата-аналар мектебі», «Асырап алушы ата-аналар мектебі» жұмыс істейді, олар тәрбиеленушілерге ата-ана табуға, әлеуетті ата-аналармен кездесу ұйымдастыруға көмектеседі.
Нәтижесінде, соңғы 3 жылда 3 бала - патронаттық тәрбиеге, 13 бала - қамқоршылық пен қорғаншылыққа беріліп, өзінің туған отбасына 32 бала қайтарылды.
Балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің саны: 2014 жылы - 164 бала, 2015 жылы - 142 бала, 2016 жылы - 97 бала, жалпы, бала саны жыл сайын орта есеппен 25%-ға төмендеді.
Соның нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық үлгідегі балалар үйлері 3 бірліктен 2-ге қысқарды. Бүгінгі таңда облыста 1 балалар үйі мен Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы жұмыс жасайды.
Облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде балалардың саны азаюына байланысты С.Қазыбаев атындағы балалар үйін қысқарту жұмысы одан әрі жалғасуда.
Атырау облысында жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы кешенді жоспар бойынша осы санаттағы 844 бала тұрғын үй кезегінде тұрса, олар жыл сайын тұрғын үймен қамтамасыз етілуде. Мысалы, 2014 жылы - 163 жасөспірімге тұрғын үй, 2015 жылы - 157 жасөспірімге тұрғын үй, 2016 жылы 92 жасөспірімге тұрғын үй берілді.
Соңғы 3 жылда 412 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілді. Бұл мәселе облыс әкімінің ерекше бақылауында.
Құзырлы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдары бірлесіп, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
орналастырудың баламалы нысандарын кеңінен дамыту мақсатында жұртшылықпен ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру басқармасының мемлекеттік әлеуметтік жобасы негізінде «Отбасын қолдау қызметі» және «Қабылдаушы ата-аналар мектебін» үкіметтік емес ұйымдар жүргізуде. Жоба аясында отбасыларға, асырап алушы ата-аналарға психологиялық, құқықтық көмектер көрсетілуде.
Атырау облысы әкімінің тапсырмасымен аймақтағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін ұжымдық әлеуметтік қорғау мақсатында «Жанашыр» әлеуметтік қамқорлық жобасын жүзеге асыру аясында кәсіпкерлермен меморандум жасақталды. Осындай жұмыстар нәтижесінде 2015 жылы «АМӨЗ» ЖШС мен «Атырау Су арнасы» мекемесі балалар үйінің 2 тәрбиеленушісін өз қамқорлығына алса, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің мүшелері - балалар үйінің 25 тәрбиеленушісін, «Әскерилендірген темір жол күзеті» акционерлік коғамының Атыраудағы филиалы 1 баланы қамқорлығына алды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында одан әрі жұмыстарды жақсарту бағытында «жайсыз отбасы» есебінде, теріс діни ағымды ұстанатын отбасылардың балаларының жағдайларын үнемі бақылауға алу, ішкі істер басқармасында есепте тұрған оқушылармен профилактикалық жұмыстарды күшейту, оның ішінде олардың спорт секциялар мен қызығушылықтарына қарай үйірмелерінде қабілеттерін дамыту, жетім балаларға тұрғын үй бөлу мүмкіндіктерін қарастыру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыруды насихаттауды жұмыстарын жалғастыру, сондай-ақ, барлық үлгідегі лагерлерде балалардың өмір қауіпсіздік шараларын сақтау, лагерь демалушыларының бақылаусыз су айдындары мен жағажайларға баруы және суға шомылуын болдырмауды қатаң бақылауға алу бойынша тапсырмалары берілді.

Заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области:защита прав детей сирот и детей,оставшихся без попечения родителей


Мақаланың шыққан күні:: 11.07.2017 08:37
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.07.2017 08:37