Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.09.2017

Қызметтер

Халықты жұмыспен қамту

2016 жылдың 1-ші қантарына уәкілетті жұмыспен қамту органдарына 16042 адам хабарласып, оның 74 пайызы немесе 11822 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Есепті кезеңде облыста 17059 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 9695-і тұрақты жұмыс орындары.

Қоғамдық жұмыстарға 5929 жұмыссыз және кәсіби оқуға 1270 адам жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 406 жұмыссыз (оның ішінде 115 адам жергілікті қаражат есебінен, 291 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде) орналастырылды.

Жоғары және орта-кәсіптік оқу орындарын бітірген жас түлектер үшін ұйымдастырылған Жастар тәжірибесіне 522 жас маман (оның ішінде 194 адам жергілікті бюджет есебінен, 328 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша) орналасты.

2015 жылға арналған Атырау облысы бойынша Жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша жұмыспен қамту шараларымен 14903 адамды қамту жоспарланып, орындалысы 108 пайызды (16076 адамды) құрады.

2015 жылы облыс бойынша 5989 адамның қатысуымен 83 жәрмеңкелер өткізіліп, нәтижесінде 2676 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының орындалысы жөнінде

 

2015 жылға Атырау облысына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына республикалық бюджеттен 1224,8 млн. теңге бөлініп, бағдарламамен 1439 адамды қамту жоспарланды. Бағдарламамен 2343 адам қамтылып, бөлінген қаражат толықтай игерілді.

Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 20 әлеуметтік нысандарда күрделі-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 437,9 млн.теңге игерілді. 200 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Бағдарламаның «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағытымен 328 адам (9,610 млн.теңгеге) кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 337 адамға 837,8 млн.теңгеге шағын несие берілді (республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан 196 адамға 487,7 млн.теңгеге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Атырау филиалы арқылы қайтарылған қаражат есебінен 141 адамға 350,1 млн. теңгеге).

Бағдарламаның «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағытына 289,9 млн.теңге (кәсіби оқу, әлеуметтік жұмыс, Жастар практикасына) бөлініп, 914 адамды қамту жоспарланды. Үшінші бағыт бойынша 1147 адам қамтылды.

483 адам оқуларын аяқтап, оның ішінен 363-і (75%) - жұмысқа

орналастырылды. 33 адам оқуларын кәсіптік колледждерде жалғастыруда. Әлеуметтік жұмыс орындарына 291 адам және Жастар тәжірибесіне 328 жас түлек орналастырылды. Мекемелерден түскен бос жұмыс орындарына 3281 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Осы атқарылған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі бір қалыпта тұрақтап, 5,0 пайызды, ал жастар жұмыссыздық деңгейі 3,0 пайызды құрады (статистика департаментінің 2015 жылдың 3-ші тоқсанның мәліметі бойынша).

 

Жұмыстан босатылған мамандарға көрсетілген қолдау шаралары

Жұмыс көлемінің азаюына байланысты облыста 2015 жылы 36 мекемеден 643 адам жұмыстан қысқартылды. Жұмыстан босатылғандардың ішінен уәкілетті жұмыспен қамту органдарына 315 адам тіркеліп, әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды (олардың 215-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, 43 адам қоғамдық жұмыстарға, 7 адам қайта даярлау курстарына және 1 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, 4 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шағын несие алып, өз істерімен айналысуда. 289-не әлеуметтік төлем алу үшін анықтама берілді).

Өндірістік процесстерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі 2523 жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл 114,9 мың адамның жұмыс орнын сақтап қалуына ықпал етеді.

Қызметкерлерді жұмыстан қысқартпау мақсатында жұмыс берушілермен жұмыста қалдыру мүмкіндіктерін қарастыру немесе басқа жобаларға ауыстыру бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді.

Нәтижесінде, жұмыс орындары сақталып, қысқартуға жоспарланған 3522 адамның 2879-ы жұмыс орындарында қалдырылды.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 15:48
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 15:48