Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.10.2017

Қызметтер

Жұмыспен қамту

2016 жылға арналған Атырау облысының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары бойынша әлеуметтік қолдау шараларымен 15 288 адам қамтылып, жоспардың 79 пайызы орындалды.

2016 жылдың есепті кезеңіне жұмыспен қамту органдарына 14 350 адам хабарласып, оның 47 пайызы немесе 6 727 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жергілікті мамандарды жұмыспен қамту бағытында күні бүгінге 50 жұмыс берушілермен 5,0 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру бағытында Ниет хаттамаларға қол қойылып, жоғарыда айтып өткендей 6,7 мыннан астам адам жұмысқа орналастырылды.

Есепті кезеңде облыста 12 043 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 7 602-і - тұрақты және 4 441-і - уақытша жұмыс орындары.

Қоғамдық жұмыстарға 4 595 жұмыссыз және кәсіби оқуға 862 адам жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 392 жұмыссыз орналастырылды (оның ішінде 146 адам жергілікті қаражат есебінен, 246 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде).

Алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жоғары және орта-кәсіптік оқу орындарын бітірген жастар үшін ұйымдастырылған Жастар тәжірибесіне 805 түлек жіберілді (оның 473 адам жергілікті қаражат есебінен, 332 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде).

Есепті кезеңде 5,3 мың адамның қатысуымен 35 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізіліп, нәтижесінде 1739 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Қызметкерлерді жұмыстан қысқартпау мақсатында жұмыс берушілермен жұмыста қалдыру мүмкіндіктерін қарастыру немесе басқа жобаларға ауыстыру бойынша түсінік жұмыстары үнемі жүргізіліп, нұсқаулар беріледі.

Бұл мақсатта облыс әкімдігі 2537 жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Нәтижесінде, жұмыс орындары сақталып, қысқартуға жоспарланған 2715 адамның 2258-і жұмыс орындарында қалдырылды.

2016 жылдың есепті кезеңіне облыста жұмыс көлемінің азаюына байланысты 37 мекемеден 457 адам жұмыстан қысқартылды. Олардың ішінен жұмыспен қамту органдарына 317 адам тіркеліп, толықтай әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды (149-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды, 3 адам қайта даярлау курстарына, 10 адам әлеуметтік жұмысқа және 43 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 1 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 5 адамға шағын несие берілді. 257-не әлеуметтік төлем алу үшін анықтама берілді. 49-ы өзін-өзі жұмыспен қамтыды, 6-і-жеке кәсіпкер).

«Синопэк Инжиниринг» Қазақстандық филиалы басшылығымен 300 жұмыссыздарды Атырау мұнай-өндеу зауытындағы мұнайды терең өндеу жобасына жұмысқа орналастыру жөніндегі қол қойылған ынтымақтастық Меморандумы бойынша 138 жұмыссыз жұмыспен қамтылды.

Атқарылған шаралардың нәтижесінде 2-ші тоқсаның қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайызды құрады, жалпы облыста жағдай тұрақты.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы

2016 жылға Атырау облысына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына республикалық бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлініп, бағдарламамен 1521 адамды қамту жоспарланды. 9 айдың қорытындысымен бағдарламамен 2784 адам қамтылып, 1947,069 млрд.теңге игерілді (67,1%).

Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағытымен 65 әлеуметтік нысандарда күрделі-жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1782,3 млн.теңге бөлініп, 769 жұмыс орындарын құру жоспарлануда, оның 398-і - бағдарлама қатысушылары үшін.

Күрделі-жөндеу жұмыстары 35 жобада жүзеге асырылып, оның ішінен 26 жобада жұмыстар аяқталды (1106,591 млн.теңге игерілді). Аталған жобаларға 611 адам жұмысқа қабылданды, оның 355-і - бағдарлама қатысушылары есебінен.

30 жоба бойынша конкурстар жүргізіліп, конкурс жеңімпаздары 12 жоба бойынша анықталып, жөндеу жұмыстары басталды (үшінші траншпен ағымдағы жөндеу жұмыстарына облысқа 379,165 млн.теңге бөлінді).

Бағдарламаның «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 196 адамды оқытып, 915,6 млн.теңгеге 340 адамға несие беру жоспарланды.

Жыл басынан бері 221 адамға 606,696 млн.теңгеге республикалық бюджет есебінен бөлінген қаржаттан шағын несие берілді. Қайтарылған қаражаттан Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 48 адамға 120,0 млн.теңге көлемінде несие берілді (барлығы 269 адамға 726,696 млн.теңге).

Атырау облысы кәсіпкерлік палатасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жұмыстары басталып, 42 адам оқуын аяқтап (2,142 млн.теңге), куәліктерін алды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Бағдарламаның үшінші бағытына 161,3 млн.теңге (кәсіби оқу, грант, әлеуметтік жұмыс, Жастар практикасына) бөлініп, 791 адамды қамту жоспарланды. Үшінші бағыт бойынша 773 адам қамтылып, 111,64 млн.теңге игерілді:

- әлеуметтік жұмыс орындарына 246 адам орналасты, 24,862 млн.теңге игерілді;

- Жастар тәжірибесіне 332 түлек жіберіліп, бұл жұмыстарға 48,669 млн.теңге жұмсалды;

- кәсіптік колледждерде 32 адам оқуын шілде айында аяқтады, олардың 11-і-жұмысқа орналасты, 12,275 млн.теңге игерілді;

- жұмыс жасайтындардың ішінен 102 адам оқуға жолданылып, 20,895 млн.тенге игерілді;

- 55-64 жас аралығындағы адамдар ішінен кәсіби оқуға 61 адам жіберіліп, 4,942 млн.тенге жұмсалды.

Бағдарлама шеңберінде 2750 адам жұмыспен қамтылды.

 


 

Облыс бойынша 7488 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 5405-і – тұрақты жұмыс орындары, 2083-і – уақытша жұмыс орындары. Жұмыс орындарының құрылуы ең көбі құрылыс саласында байқалады - 3248.
Ауыл шаруашылығында - 576 орын, өнеркәсіпте – 289, көтерме және бөлшек сауда саласында – 240, көлік және қоймалау саласында – 196, білім беру саласында – 95, денсаулық сақтау - 55 орын және экономикалық қызметтің басқа түрлері – 706 орын құрылды.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 8742 жұмыссыз хабарласты, «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы» бойынша – 2528 адам.
Хабарласқандардың жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың үлесі 58,5 пайызды құрады, немесе 5118 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.


Мақаланың шыққан күні:: 04.07.2016 14:48
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.10.2016 17:24