Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.04.2018

Қызметтер

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарлары

Бектұрғанов Дәурен ЕрсұлтанұлыОблыс әкімі аппараты басшысының орынбасары 

Бектұрғанов Дәурен Ерсұлтанұлы

 Бектұрғанов Дәурен Ерсұлтанұлы 14 ақпан 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары, Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін маркетинг бакалавры мамандықтары бойынша аяқтап, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы Великобританияның Роберт Гордон атындағы Университетінен сатып алу және жеткізу тізбегін басқару магистрі атағын алған.

Еңбек жолын Астана қаласы «Заң сарапта орталығы» ЖШС-де заңгер қызметінен бастаған.

2006-2007 жылдары «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС Әкімшілік-әлеуметтік жұмыстар басқармасының маманы, менеджері, 2007-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас маман-менеджер, 2014-2015 жылдары «КА-Строй АТД» ЖШС директордың құрылыс жөніндегі орынбасары, 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколында сарапшы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың қарашасынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколында консултант қызметін атқарып келді.

 


 

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарларыОблыс әкімі аппараты басшысының орынбасары

Ғалиев Ерлан Сағындықұлы

Ғалиев Ерлан Сағындықұлы 1982 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының Қарағанды қаласында дүниеге келген.

2003 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясын, 2006 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2012 жылы Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық институтын заңгер, заңтану магистрі, экономика бакалавры мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды облысы Әділет департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

2004 – 2008 жылдары Қарағанды облысы Әділет департаментінің жетекші маманы, бас маман, бөлім басшысы, 2008-2011 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, Қарағанды облысы Абай ауданы Әділет департаментінің басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011- 2015 жылдары Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімінің кеңесшісі, қала әкімі аппаратының басшысы қызметтерінде болған.

2015 жылы Атырау қаласындағы «ГлобалСнабвест» ЖШС директорының орынбасары болған.

2015 жылғы 22 маусымнан Атырау облысы әкімі аппараты Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы.


Мақаланың шыққан күні:: 08.01.2016 12:13
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.04.2018 14:54