Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.06.2017

Қызметтер

Аудандық әкімнің орынбасарлары

Аманов Мәлік Хайдарұлы 

1965 жылы 11 қарашада Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары.

1985 жылы Гурьев политехникалық техникумын техник-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Ортақшыл ауылында Заурал кеңшарында жұмысшы болып бастаған.

1985-1987 жылдар аралығында Армян Республикасы, Ереван қаласында әскери борышын өтеген.

1987-1988 жылдар аралығында Махамбет ауылында Заурал кеншарының №2 фермасында есепші қызметін атқарған.

1988-1990 жылдар аралығында Махамбет ауылында Заурал кеншарының шебері болып еңбек еткен.

1990-1991 жылдар аралығында Махамбет ауылында Заурал кеншарында хатшылық қызметін атқарған.

1991- 1993 жылдар аралығында Махамбет ауылында Заурал кеншарында директордың шаруашылық істері жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен.

1996-2000 жылдар аралығында «Алгиес Петролеум БВ» ЖШС жабдықтаушы болып қызмет атқарған.

2008-2011 жылдар аралығында Ортақшыл ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маманы;

2011-2013 жылдар аралығында Махамбет аудандық құрылыс бөлімінде бас маманы;

2013-2015 жылдар аралығында Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2015-2016 жылдар Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымында еңбек атқарды.

2016 жылдың тамыз айынан бастап Махамбет ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Отбасылы.

 


 

Сейткалиев Мардан Жумахметович

Сейтқалиев Мардан Жұмахметұлы 1959 жылы Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Ортақшыл селосында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары.

1983 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтын инженер-механик саласы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1976-1977 жылдар аралығында Гурьев облысы, Махамбет ауданы Төменгі-Орал жүйесі басқармасында моторист болып бастаған.

1977-1983 жылдар аралығында Алматы қаласында ауылшаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

1983-1987 жылдар аралығында Гурьев облысы, Махамбет ауданы Зауральский совхозында инженер-механик, «Сельхозтехника» мекемесінде инженер-технолог болып жұмыс жасаған.

1987 жылдың ақпан мен қыркүйек айлары аралығында Гурьев облысы, Махамбет ауданы МЖФ цехында инженер болып қызмет еткен.

1987-1988 жылдар аралығында Гурьев облысы, Махамбет ауданы АПК жұмысшыларының аудандық кәсіподақ комитетінің хатшысы қызметін атқарған.

1988-1992 жылдар аралығында Махамбет аудандық кәсіподақтар советінің инструкторы, аудандық кәсіподақтар советінің хатшылық қызметін,ауылшаруашылығы өнеркәсіптік кешені жұмысшыларының Махамбет аудандық кәсіподақ комитетінің хатшысы болып жұмыс жасаған.

1992-1994 жылдар аралығында «Махамбет», «Марс» шағын кәсіпорнының директоры қызметін атқарған.

1994-1996 жылдар аралығында ауылшаруашылығы өнеркәсіптік кешені жұмысшыларының Махамбет аудандық кәсіподақ комитетінің төрағалық қызметін атқарған.

1996-2001 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында Махамбет аудандық экономика басқармасының маманы, Махамбет аудандық экономика бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2001-2010 жылдар аралығында Атырау облысы Экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бастығының орынбасары, Атырау облысы Экономика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқарма бастығының орынбасары, Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін жасаған.

2010-2011 жылдар аралығында Атырау облысы Статистика департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2011-2013 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасаған.

2013 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Махамбет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.

 


 

Тналиев Ұлықбек СерікұлыТналиев Ұлықбек Серікұлы

1986 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келді.

2008 жылы Атырау мұнай және газ институтының үздік дипломмен технологиялық машиналары мен жабдықтары бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы - Атырау мұнай және газ институтының магистратурасында ғылыми-педагогикалық жоғары білімін оқып, техникалық ғылымдар магистрі академиялық атағын алды.

2012 жылы - Атырау мұнай және газ институтының экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылдан «Қазақстанның Тәуелсіз Ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігінде төраға қызметінде бастады.

2008ж. - маусым айынан «Бюджеттік сараптама және экономикалық мониторинг» ҚҚ атқарушы директоры қызметін атқарған.

Қоғамдық жұмысы

2014ж. бері «Нұр Отан» партиясының Атырау облысы филиалының жаныңдағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестін мүшесі. 2015 жылы «Партияның 50 Тұлға» жобасының қатысушысы. Атырау облысы әкімі жанындағы жастар істері бойынша қоғамдық кеңестің, Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиясының мүшесі.

Бірнеше рет Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен, 2009, 2011, 2016жж, Атырау қаласы әкімінің алғыс хатымен, Атырау облысы қоғамдық кеңесінің алғыс хатымен, «Теңізшевройл» ЖШС құрмет грамотасымен марапатталған.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазақстанның Азаматтық Альянсының» «ТАНЫМ» Республикалық сыйлығының дипломанты 2009ж. Үш мәрте Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әлеуметтік жобалардың облыстық жәрмеңкесінің жеңімпазы танылған, 2011, 2012, 2014жж. 2015 жылы «Әлеуметтік тапсырыстың ең үздік орындаушысы», Атырау қаласының «Жыл Үздiгi-2015» байқауында «Ең үздік жастар ұйымы» номинацияларының жеңімпазы.

Үйленген. Екі баласы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 11:41
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.05.2017 11:03