Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.07.2017

Қызметтер

Аудандық әкімнің орынбасарлары

Бектемиров Жандос Мнафихович

Бектемиров Жандос Мнафихұлы 1969 жылы 15 желтоқсанда Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Калинин селосында дүниеге келді.

1976-1986 жылдары аралығында Ганюшкин селосындағы Ломоносов атындағы орта мектебінде оқыды.

1986 жылдың қазан айында Теңіз кәсіптік-техникалық училищесінде оқуға түсіп, 1987 жылдың шілде айында оқуды бітіріп, тракторист-машинист мамандығын алды.

1987 жылдың желтоқсанынан бастап 1989 жылдың желтоқсан айы аралығында Совет Армиясының қатарында әскери борышын атқарды.

1990 жылдың ақпан айынан бастап Теңіз аудандық қаржы бөлімінде ревизор-инспектор лауазымында қызмет атқарды.

1990 жылдың қыркүйек айынан бастап 1992 жылдың шілде айына дейін Целиноград қаржы-экономикалық техникумында оқыды.

1992 жылдың тамыз айынан 2004 жылдың мамыры аралығында Құрманғазы ауданы бойынша салық комитетінің аудит және салық жинау бөлімінің инспекторы, аудит бөлімінің бас салық инспекторы,салықты әкімшіліктендірудің технологиялық ақпарат секторының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

2004 жылдың 7 мамырынан бастап 2004 жылдың 31 желтоқсанға дейін Құрманғазы аудандық экономика бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.

2005 жылдың қаңтарынан бастап 2013 жылдың 3 қыркүйегіне дейін Құрманғазы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2013 жылдың 3 қыркүйегінен бастап Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып отыр.

 


 

Хасанов Жастлек Адебиетович

Хасанов Жастілек Әдебиетұлы 1978 жылы 5 сәуірде Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Ганюшкино селосында дүниеге келді.

1985-1995 жылдар аралығында Ганюшкин селосындағы Абай атындағы орта мектебінде оқыды.

1995 жылы оқуға түсіп, 2000 жылы Атырау мұнай және газ институтын бітіріп, автомобильдер және автомобиль шаруашылығы мамандығын алды.

2000-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында әскери борышын өтеді.

2001-2002 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.

2002-2003 жылдар аралығында«КаспийСтройСервис» ЖШС механик болып жұмыс жасады.

2003-2005 жылдар аралығында«АтырауОблТяжСтрой» ЖШС механик болып жұмыс жасады.

2005-2007 жылдар аралығындаГанюшкин мемлекеттік қазынашылық кәсіпорында,«Бик» ЖШС механик болып жұмыс жасады.

2007-2009 жылдар аралығындаҚұрманғазы аудандық құрылыс бөлімінде бас маман лауазымында қызмет атқарды.

2009-2016 жылдар аралығындаҚұрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет атқарды.

2016 жылдың 1 маусымынан бастап Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып отыр.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 10:53
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.03.2017 04:47