Array Аудандық әкімнің орынбасарлары | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.03.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

Аудандық әкімнің орынбасарлары

Аты-жөні: Ажигалиев Бекнур Бактыбаевич

Лауазымы: Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары

Қабылдау күні: айына бір рет кестеге сәйкес

Қызмет телефоны:8/71238/ 2 11 61

Мекен-жайы: инд.060500 Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосы Абай көшесі, №4 үй

 Е-mail: kizilkoga_akimat@mail.ru 

 ЕСКЕРТУ: қабылдауға алдын ала жазылу 3 бөлмеде жүргізіледі, тел.8/71238/21199, қабылдау уақыты басшымен алдын ала келісіледі.

 Ажигалиев Бекнур Бактыбаевич 1984 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, Атырау мұнай және газ институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

 Еңбек жолын 2002 жылы Қызылқоға аудандық су шаруашылығы басқармасында бас есепші болып бастаған.

2002-2007 жылы Атырау мұнай және газ институтында, студент, 2006-2007 жылдары Миялы селолық округ әкімі аппаратында бас маман-есепші, 2007-2010 жылдары Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, бөлім меңгерушісінің орынбасары, 2010-2011 жылдары Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, бас маман, 2011 жылдың наурыз айынан-қазан айына дейін Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, бөлім меңгрушісінің міндетін атқарушы, 2011-2013 жылдары Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2012 жылдың қазан айынан бері Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келеді.

 


 

ОЛЖАҒАЛИЕВ ӘЛІБЕК ТӨЛЕУІШҰЛЫ

ОЛЖАҒАЛИЕВ ӘЛІБЕК ТӨЛЕУІШҰЛЫ

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосында 1983 жылдың 28 қыркүйегінде дүниеге келді. Орта мектепті 2000 жылы бітіріп, сол жылы Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Экономика факультетіне Мемлекеттік және муниципалды басқару мамандығы бойынша түсіп, жоғарғы оқу орнын 2005 жылы аяқтады.

Еңбек жолын 2001-2006 жылдары Қызылқоға ауданы Миялы селосындағы №1 негізгі мектепте және Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастады.

2006-2007 жылдары Қызылқоға ауданы Сағыз селолық округі әкімі аппаратының инспекторы, 2007-2008 жылдары Қызылқоға аудандық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2008-2010 жылдары Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Сауданы дамыту бөлімінің бас маманы, Атырау облысы әкімі аппараты құжаттардың орындалысын бақылау бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының тауар нарықтарының мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2011-2012 жылдары Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Мониторинг және ақпараттық талдау қызметі бөлімінің бастығы, 2012-2013 жылдары Атырау облысы Білім беру басқармасының Кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің бастығы, 2013-2014 жылдары Атырау облысы әкімінің аумақтармен жұмыс жөніндегі бас инспекторы, 2014-2015 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

2015 жылдың сәуір айынан 2016 жылдың шілде айы аралығында Атырау облыс әкімі аппараты Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы.

2016 жылдың шілде айынан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келеді.

Мемлекеттік қызметтегі еңбегі еленіп, 2014 жылы Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен, 2015 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 14:43
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.11.2016 12:04