Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.11.2017

Қызметтер

Аудандық әкімнің орынбасарлары

ӨМІРБАЯН

Алдерзин Мұхамбетқали Тәкібайұлы 1955 жылдың 8 желтоқсанында Ақтөбе облысы, Бөгетсай селосында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. 1980 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институтының пайдалы кен қазбасы орнын ашудың, жер асты технологиясы және комплексті механизациясының кен инженері мамандығы бойынша бітірген.

1980-1987 жылдары Хромтау қаласында Дон тау кен комбинатының тау кен инженері, 1987-1996 жылдары Хромтау қаласының жылу базасының директоры, 1996-2002 жылдары Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы әкімінің орынбасары, 2002 жылдың наурыз-мамыр айларында Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданының әкімі, 2002 жылдың мамыр-қараша айларында Ақтөбе қаласында «Жылуэнергия» ААҚ директоры, 2003-2004 жылдары Ақтөбе қаласында «Ақбұлақ» ААҚ президенті, 2005-2006 жылдары «Спецавтотранспорт» АҚ вице-президенті, 2006-2012 жылдары Ақтөбе қаласында «ДзетГрупп» ЖШС-нің вице-президенті, 2012 жылдың қазанынан Индер ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарады. Отбасылы.

 


Заместители акима

ӨМІРБАЯН

Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлы  1973 жылдың 2 мамырында Атырау (Гурьев) облысы, Қызылқоға  ауданы, Мұқыр селосында дүниеге келген. Ұлты- қазақ.  1990 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 -1996 жылдары Ақтөбе облысы, Қобда аудандық мәслихатында аға реферант болып бастаған. 1996-1999 жылдары Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосында «Мұқыр» АҚ орталық жылу қазандығының сантехнигі, 1999 жылдың ақпан -тамыз айларында Мұқыр селолық округі әкімі аппаратының  бас маманы, 1999-2001 жылдары Мұқыр селолық округінің әкімі, 2001-2003 жылдары Қызылқоға аудандық  коммуналдық меншік,  көріктендіру, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастығы, 2003-2004 жылдары Құрманғазы ауданы, Шортанбай селолық округінің әкімі, 2004-2006 жылдары Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы, 2006-2008 жылдары Құрманғазы ауданы, Мақаш селолық округінің әкімі,  2008-2012 жылдары Индер ауданы әкімі  аппаратының басшысы, 2012 жылдың қазан айынан бастап Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарады. Отбасылы.


Заместители акима

ӨМІРБАЯН

Шамұратов Дарын Дүйсембайұлы 1986 жылы 16 желтоқсанда Индер ауданы Бөдене ауылында туған. Қазақ. Білімі жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география бакалавры-география оқытушысы, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржы бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2009 жылы Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып бастаған. 2009 жылдың желтоқсан айынан 2012 жылдың шілде айына дейін Индер ауданы әкімінің аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы, 2012 жылдың қыркүйек - қазан айлары аралығында Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлім меңгерушісі лауазымында, 2012 жылдың 25 қазанынан Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Аудан әкімінің 2017 жылғы 21 тамыздағы №95-к өкімімен аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.Отбасылы.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 11:38
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.11.2017 10:58