Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Аудандық әкімнің орынбасарлары

Бағынов Қахарман ДәуренұлыАты-жөні: Бағынов Қахарман Дәуренұлы

Лауазымы: Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары

Қабылдау күні: сейсенбі күндері, 16:00-ден бастап

Телефон: 8 (71237) 5-17-99

Бағынов Қахарман Дәуренұлы 1988 жылдың 26 сәуірінде Гурьев облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесінде дүниеге келген. Ұлтықазақ. 1994 жылы Индербор поселкесі, М.Әуезов орта мектебіне қабылданып, 2005 жылы бітірді.

2005 жылы Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаеватындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетіне түсіп, 2009 жылы жерге орналастыру-кадастр мамандығы бойынша, 2010 жылы БатысҚазақстан Инженерлік Гуманитарлық Университетінетүсіп, 2012 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

2009 жылы Атырау қаласы «АETS» ЖШС электромонтажник қызметінатқарды.

2010 - 2013 жылдары Индер аудандық жер қатынастары бөлімінде бас маман, бөлім басшысының міндетін атқарушы,

2013 жылы тамыздан- 2017 жылы желтоқсан айына дейін Индер аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы,

2017 жылдың 06 желтоқсанынан бастап Жылыой ауданы әкімінің орынбасары. Коммуналдық салаға басшылық жасайды.


Аудандық әкімнің орынбасарларыАты-жөні: Рашев Жантөре Сәкенұлы

Лауазымы: Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары

Қабылдау күні: Аптасына бір рет жұма сайын

Телефон: 8 (71237) 5-05-20

Рашев Жантөре Сәкенұлы 1989 жылдың 17 ақпанда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1995 жылы Құлсары қаласындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебіне қабылданып, 2006 жылы бітірді.

2008 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтына түсіп, 2011 жылы қаржы мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінетүсіп, 2016 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

2008 – 2011 жылдары Құлсары қаласы «Олжа» АҚ-ында оператор, есепші қызметтерін атқарды.

2011 - 2012 жылдары Жылыой ауданы қаржы бөлімінде бас маман,

2012 – 2013 жылдары Атырау қаласы Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне бақылау жасау бөлімінің бас маманы,

2013 – 2016 жылдары Атырау қаласы №2 бюджеттерді және мемлекеттің активтерін бақылау бөлімінің бас маманы, бас маман-бақылаушысы,

2016 – 2017 жылдары Атырау қаласы №2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы, бас инспектор -мемлекеттік аудиторы,

2017-2018 жылдары Атырау қаласы №3 мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы -мемлекеттік аудиторы қызметі бойынша жұмыс атқарды.

2018 жылдың 06 тамызынан бастап Жылыой ауданы әкімінің орынбасары. Бюджеттік салаға басшылық жасайды.


Аудандық әкімнің орынбасарларыАты-жөні: Шәкіров Ануар Играшинұлы

Лауазымы: Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің орынбасары

Қабылдау күні:

Телефон: 8 (71237)

Шәкіров Ануар Играшинұлы 1972 жылы Гурьев облысы Эмба ауданы Калинин селолығында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Білімі – жоғары. 1993 жылы Талдықорған заң техникумын – құқықтану мамандығы бойынша бітірді. 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін – халықаралық экономика мамандығы бойынша бітірді. 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін – заңтану мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1988 жылы «Тегизнефтегаз» өндірістік бірлестігінде ағаш шебері болып бастады. 
1989 ақпан-қыркүйек айлары «Эмба Реистрой» мекемесінде ағаш шебері болып қызмет атқарды. 
1990-1992 жылдар аралығында Совет Армиясы Белорусия жерінде в\ч «36881» қарулы күштерінде қызмет етті. 
1993-2007 жылдары Атырау облысы кедендік бақылау департаментінде кеденнің бастығының орынбасары қызметін атқарды. 
2007 қазан-желтоқсан айлары Атырау облыстық маслихат аппаратының бас маман заңгері болып жұмыс істеді. 
2007-2009 жылдары Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 
2009 ақпан-шілде айлары аралығында «Консалтинг Холдинг Атырау» ЖШС-де стратегиялық даму және жобалау менеджері болып жұмыс істеді. 
2009-2010 жылдары «Беркін-Жылыой» ЖШС-де директор орынбасары болып жұмыс істеді. 
2010-2012 жылдары «KOSSC» ЖШС-де атқарушы директор қызметін атқарды. 
2012 жылдың қарашасынан бастап Жылыой ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. 
Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.

2019 жылдың 04 желтоқсанынан бастап Жылыой ауданы әкімінің орынбасары


Мақаланың шыққан күні: 17.06.2016 16:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.02.2020 18:14

Қаралым саны: 5208