Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.06.2018

Қызметтер

Қала әкімінің орынбасарлары

Таубаев Нурлан Бактыбаевич

Атырау қаласы әкімінің орынбасары
Таубаев Нұрлан Бақтыбайұлы

1976 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Атырау Мұнай және газ институтын, Қазақстандық экономика және құқық институтын, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – тау-кен инженері, заңгер, экономист-менеджер.

Еңбек жолын 1995 жылы «Экспресс-Юг» ЖШС-і директорының орынбасары болып бастаған. 1998-2000 жылдар аралығында «Денсаулық» ЖШС-і, «Ислам» ЖШС-і директоры, 2000-2006 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, 2006-2008 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша монополияға қарсы басқармасының бастығы, 2008-2012 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы, 2012-2014 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының бастығы, 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің стратегиялық талдау басқармасының бас сарапшысы, 2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, 2017 жылдан 2018 жылдың 15 ақпанына дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2018 жылдың 15 ақпанында Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.


Қызметтік телефоны: 8 (7122) 35-41-40

E-mail: akimat_atyrau@mail.ru

Қабылдау күндері: Әр айдың 1-і, 3-і жұма күндері

Примечание: азаматтарды жеке мәселемен қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі, байланыс телефоны: 8 (7122) 27-10-30.

 

 


 

                                 

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасарыАтырау қаласы әкімінің орынбасары
Қалауи Мейірім Жоламанұлы

Қалауи Мейірім Жоламанұлы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетін және Ресей Федерациясы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын аяқтаған, маманыдығы – мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері, экономика магистрі.

Еңбек жолын 2006 жылы «Атырау - Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны төрағасының көмекшісі болып бастаған. 2010 жылдан - «Тұран» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2010 – 2011 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редактор лауазымында болған. 2011 жылдан «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының төрағасы. 2012 жылдан Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы. 2016 жылдың маусымынан - Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2016 жылды қараша айында Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

«Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі.

Қызмет телефоны: 8 (7122) 27-30-55

E-mail: m.kalaui@atyrau.gov.kz

Қабылдау күндері: әр айдың 1-ші, 3-ші жұмасы

Ескерту: азаматтарды жеке мәселемен қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі, байланыс телефоны: 8 (7122) 27-10-30

 


 

 

Қала әкімінің орынбасарларыАтырау қаласы әкімінің орынбасары
Хасанов Полымбет Максимұлы

1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Қазіргі заманғы гуманитарлық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Атырау облыстық ішкі істер департаменті саласында бастады. 2005 жылы Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің бас маманы, 2006-2008 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппаратында ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, 2008-2010 жылдары - бас инспекторы қызметтерін атқарды. 2010-2011 жылдары Атырау облысы Мақат ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2011-2013 жылдары Мақат ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап, Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болды

2014 жылдың шілде айынан 2017 жылғы 1 тамызға дейін Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың 1 тамызында Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.


Қызметтік телефоны: 8 (7122) 27-30-55

E-mail: akimat_atyrau@mail.ru

Қабылдау күндері: әр айдың 1-ші, 3-ші жұмасы

Ескерту: азаматтарды жеке мәселемен қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі, байланыс телефоны: 8 (7122) 27-10-30

 


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 09:49
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.02.2018 15:52