Array Облыс әкімінің орынбасарлары | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.04.2017

Қызметтер

Облыс әкімінің орынбасарлары

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсембаев Ғұмар Исламұлы

duisembaevgАты-жөні: Дүйсембаев Ғұмар Исламұлы

Лауазымы: Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Қабылдау күні: аптасына бір рет дүйсенбі сайын

Қызмет телефоны: 35-45-05

E-mail: muksiev@global.kz

Ескерту: қабылдауға алдын ала жазылу 133 бөлмеде жүргізіледі, тел.35-45-51.  қабылдау  уақыты  басшымен алдын ала келісіледі.

Атырау облыс әкімінің бірінші орынбасары Дүйсембаев Ғұмар Исламұлының қысқаша өмірбаяны.

1956 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын және Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар заң академиясын механик, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1978 жылы Ақтөбе облысының Калинин атындағы колхозының техника қауіпсіздігі жөніндегі инженері болып бастады. Кейін БҚО Бөрлі ауданындағы Орал ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумында оқытушы, комсомол комитетінің хатшысы, Бөрлі ауданы «Победа» колхозының бас инженері, Бөрлі ауданындағы «40 лет Октября» колхозы төрағасының орынбасары, партия комитетінің хатшысы, «Красный маяк» колхозының басқарма төрағасы, Бөрлі аудандық ауыл шаруашылығы ассоциациясының төрағасы, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары, әкімі, Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылыс және отын-энергетика кешені бөлімінің меңгерушісі, БҚО Өнеркәсіп және энергетика кешені басқармасының бастығы, БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, БҚО Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы, Батыс Қазақтан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылғы қаңтардан бастап Батыс Қазақтан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылғы тамыз айынан бастап Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары

 


 

 Атырау облысы әкімінің орынбасары Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы

Аты-жөні: Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы

Лауазымы: Облыс әкімінің орынбасары

Қабылдау күні: аптасына бір рет жұма сайын

Қызмет телефоны: 35-45-19

E-mail: muksiev@global.kz

Ескерту: қабылдауға алдын ала жазылу 133 бөлмеде жүргізіледі, тел.35-45-51.  қабылдау  уақыты  басшымен алдын ала келісіледі.

Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы 1966 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосында дүниеге келген, ұлты – қазақ, жоғары білімді.

1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының сырттай бөлімінде оқып, «тау-кен инженері» мамандығын иемденген.

Еңбек жолын 1983 жылы Мақат желілік-өндірістік басқармасында  технологиялық компрессор машинисі қызметінен бастаған.

1984-1986 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1986-1989 жылдары Мақат желілік-өндірістік басқармасында  технологиялық компрессор машинисі, 1989-1992 жылдары Мақат экономикалық атқару комитетінің аудандық жоспарлау комиссиясының маманы, 1992-1995 жылдары «Мақсат» шағын кәсіпорынының төрағасы, 1995-1999 жылдары Мақат ауданы әкімінің орынбасары, 2000-2003 жылдары Мақат ауданының әкімі, 2003-2005 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, 2005-2006 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі, 2006-2009 жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары, кейіннен Атырау қаласының әкімі, 2009-2010 жылдары  Атырау облысы әкімінің орынбасары, 2010 – 2013 жылдары «Аджип» ККО компаниясының жергілікті органдармен байланыс жөніндегі менеджері.

2013 жылғы ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің орынбасары.

 


 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы

Аты-жөні: Әжіғалиева Айгүл  Теміртасқызы

Лауазымы: Облыс әкімінің орынбасары

Қабылдау күні: аптасына бір рет бейсенбі сайын

Қызмет телефоны: 35-45-30

E-mail: muksiev@global.kz

Ескерту: қабылдауға алдын ала жазылу 133 бөлмеде жүргізіледі, тел.35-45-51.  қабылдау  уақыты  басшымен алдын ала келісіледі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваның қысқаша өмірбаяны

Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы 1966 жылы Атырау облысы, Дамбы селосында дүниеге келген.

1985 жылы Целиноград қаласының Қаржы-экономикалық техникумын, 1991 жылы Алматы қаласының Халық шаруашылық институтын экономист, қаржы қызметкері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Облыстық қаржы бөлімінде кадр жұмысы бойынша аға инспекторы лауазымынан бастады.  Кейін облыстық Қаржы басқармасында түрлі басқарушылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2005 және 2010 жылдар аралығында Атырау облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы директорының орынбасары, кейін басқарма басшысы.

2010 жылдың маусым айынан - Атырау облысы әкімінің орынбасары.

 


 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы

Аты-жөні: Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы

Лауазымы: Облыс әкімінің орынбасары

Қабылдау күні: аптасына бір рет сәрсенбі сайын

Қызмет телефоны: 35-45-63

E-mail: muksiev@global.kz

Ескерту: қабылдауға алдын ала жазылу 133 бөлмеде жүргізіледі, тел.35-45-51. қабылдау уақыты басшымен алдын ала келісіледі.

Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы 1963 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай селосында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. «Нұр Отан» партиясының Махамбет аудандық филиалының төрағасы.
1994 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген;
2001 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтаған;
2003 жылы Қайнар университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980-1981 жылдар аралығында Таңдай орта мектебінде «дене тәрбиесі» пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1986-1987 жылдар аралығында «Бақсай» асыл тұқымды қой кеңшарында мал дәрігері болып қызмет еткен.
1987-1989 жылдар аралығында «Бақсай» асыл тұқымды қой кеңшарында комсомол ұйымының хатшысы болып қызмет атқарған.
1989-1992 жылдар аралығында Махамбет аудандық комсомолдар комитетінде І, ІІ хатшысы болып еңбек еткен.
1992-1993 жылдар аралығында Махамбет ауданы әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі, экономика комитеттерінде төраға қызметтерін атқарған.
1993-1997 жылдар аралығында аудан әкімінің орынбасары-аудандық экономика комитетінің төрағасы болып еңбек еткен.
1997-2008 жылдар аралығында Қызылқоға, Құрманғазы аудандарының әкімі болып қызмет атқарған.
2008 жылдың ақпан-қараша айлары аралығында Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында басшы болып қызмет еткен.
2008-2009 жылдар аралығында Индер ауданының әкімі болып қызмет атқарған.
2009-2010 жылдар аралығында «АИНА» компаниясында бас директордың орынбасары болып еңбек еткен.
2010-2014 жылдар аралығында NCPOC компаниясында қарым-қатынастар бөлімінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы болып қызмет атқарған.
2014-2015 жылдар аралығында Атырау облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.
2015-2016 жылдар аралығында Махамбет ауданының әкімі қызметін атқарып келеді.

2016 жылдың мамыр айынан бастап Атырау облысы әкімінің орынбасары.

 


 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Сүйіншәлиев Жасұлан Асқарұлы

Аты-жөні: Сүйіншәлиев Жасұлан Асқарұлы

Лауазымы: Облыс әкімінің орынбасары

Қабылдау күні: ________

Қызмет телефоны: ________

E-mail: ________

Сүйіншәлиев Жасұлан Асқарұлы 1978 жылы 10 тамызда Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының Каменка ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Самара мемлекеттік сәулет-құрылыс университетін өнеркәсіп және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы «Уральскстройинвест» ЖШС-ның прорабы болып бастаған.

В 2004-2007 жж. - Орал қаласы инфрақұрылым және құрылыс бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі және бөлім бастығының орынбасары.

2007-2008 жж. - «Dizain-DA» ЖШС-ның техникалық директоры.

2008-2010 жж. - «Надир» ЖШС-ның өкілдігінің басшысы.

2010-2011 жж. - Орал қаласы құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық сектор меңгерушісі.

2011-2013 жж. - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігінің Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті Техникалық реттеу басқармасының бас сарапшысы, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігінің Сәулет, жобалау жұмыстары және сметалық нормалар департаменті Сәулет, қала құрылысы және мемлекеттік қала құрылысы кадастры басқармаcының бас сарапшысы.

2013-2015 жж. - Батыс Қазақстан облысы Құрылыс басқармасының басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2016-2017 жж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының орынбасары.

2017 жылғы 14 наурыздан бастап Атырау облысы әкімінің орынбасары.


Мақаланың шыққан күні:: 08.01.2016 12:01
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.04.2017 05:49