Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Одан әрі Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Басқарманың ұйымдарстыру және персоналды басқару бөлімінің бас маман заңгері Н.Ахметжанова өз құзіреттігі шегінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2019 жылдың 23 желтоқсан аралығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Басқарма өз құзыретіндегі функцияларын жеке-дара қолданатын Атырау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі №104 «Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәселелері» қаулысына және «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» Заңдарына сәйкес атқарады.

Аталған нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

Басқармада персоналды басқару қызметі бойынша, атап айтқанда  2019 жылы мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен бірігуі, қызметкерлердің (кадрлардың) негізсіз жұмыстан шығуы, ауысуы, лауазымнан төмендетілуі, ерлі-зайыпты, жақын туысқандық қарым-қатынасы бар қызметкерлердің бірге жұмыс жасауы сияқты фактілер болған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу жүргізу жұмыстары бойынша да, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жататын фактілер анықталмады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойыншабасқарма тарапынан 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1. «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту»;

2.«Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» (одан әрі-Рұқсат беру немесе ұзарту ).

Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету процестері «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

2019 жылдың 1 жартыжылдығында Басқармада қадағалау органы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті (одан әрі-Департамент) тарапынан кезекті және кезектен тыс тексеріс жұмыстары жүргізілді.

2019 жылдың наурыз айында Атырау облыстық прокуратурасымен Рұқсат беру немесе ұзарту көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің заңдылығына кезекті тексеріс жүргізіліп, тексеріс барысында Басқарманың лауазымды тұлғасының ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» № 416-V заңының                       50 бабының 1-тармағының 1) тармақшасымен көзделген заң бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталып, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданып, прокуратуралық ұсыныста көрсетілген кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау үшін мамандар арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.

2019 жылдың 1 жартыжылдығында Департаментпен Рұқсат беру немесе ұзарту көрсетілетін мемлекеттік қызметтінің көрсетілуінің заңдылығы, сапасына бірнеше рет кезектен тыс тексеріс жұмыстарын жүргізді. Тексеріс қорытындысымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша бұзушулықтар анықталды, жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылданып, тексеріс нәтижесімен анықталған бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Басқарма басшысымен іс-шара жоспарлары бекітілді.

2019 жылдың 2 жартыжылдығында уәкілетті органдар тарпынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарының сақталуына тексеріс жұмыстары жүргізіліп анықталған кемшліктерге жол берген тұлға жазаланды.

Басқармада мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бақылау-қадағалау функциялары көрсетілмейді, ал ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2019 жылдың 1 жартыжылдығында Басқармада сыбайлас жемқорлықты алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірнеше шаралар ұйымдастырылды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысумен Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне және Басқармаға қарасты мекеме директорларының қатысумен сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бойынша дөңгелек үстел,              ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілінің қатысумен Басқарманың мемлекеттік қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұзушылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту мақсатында Басқарманың көрнекі жерінде арыз, шағымдар қабылдау жәшігі және сенім телефоны 35-40-21 Атырау облыстық әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 15:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 15:32

Қаралым саны: 264