Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.10.2017

Қызметтер

Жылыой ауданы ветеринария бөлімі

Мемлекеттік мекеме «Жылыой ауданы ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі»

Айтпенбет Данияр Жанқожаұлы – ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің басшысы

ТАӘ: Айтпенбет Данияр Жанқожаұлы

Туған күні: 1969 жылы 10 қазан

Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс селосы

Айтпенбет Данияр Жанқожаұлы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс селосында 1969 жылы 10 қазанда дүниеге келген. Отбасылы, бес баласы бар.

1977-1987 жылдары аралығында Қаражар орта мектебінде, Ақтөбе мектеп интернатында орта мектептерінде тәлім алды.

1987-1993 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында оқыды.

1988-1989 жылдары аралығында СССР қарулы күштер қатарында бір жыл үш ай әскери міндетін өтеді.

1993 жылдың тамыз айынан бастап, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, Ақжар софхозында бөлімше зоотехнигі болып жұмыс жасады.

1994-1999 жылдары аралығында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс селолық советінде мал дәрігері болып жұмыс жасады.

2001-2002 жылдары аралығында Атырау облысы, Жылыой аудандық аймақтық басқармасында жетекші маман болып жұмыс жасады.

2002-2003 жылдары аралығында Атырау облысы Жылыой аудандық аумақтық инспекциясында бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы болып жұмыс жасады.

2003-2010 жылдары аралығында Атырау облысы Жылыой аудандық аумақтық инспекция басқарма бастығының орынбасары болып тағайындалды.

2010 жылдың 9 ақпанынан Атырау облысы, Жылыой ауданы ветеринария бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

2015 жыл 1 қазаннан Атырау облысы, Жылыой ауданы ветеринария және ветерианариялық бақылау бөлімінің басшысы болып жұмыс жасайды.

 

«Жылыой ауданы ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі»

«Жылыой ауданы ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі » мемлекеттік мекемесі 2010 жылдың 20 қаңтардан бастап №16 қаулысымен құрылған.

Бөлімнің мекен жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы – 20.

Электронды адресі: Vetotdel_jylyoi@maii.ru

Бөлімнің штаттық бірлігі 6 адам, бөлімнің филиалдары жоқ, бөлімге қарасты Жылыой ауданы ветеринария бөлімі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жылыой аудандық ветеринариялық стансасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бар.

Бөлім басшысы туралы мәлімет

Жылыой ауданының байланысқа шығу коды (8 71-237)

Аты жөні

Лауазымы

Туған жылы

Қызметтік

телефоны

Қабылдау күндері

1

Айтпенбет Данияр

Жанқожаұлы

Бөлім басшысы

10.10.1969 ж.

5-05-03

Сәрсенб і 9,00-12,00

Жұма 14,00-18,00

 

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • (Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы №1907 қаулысымен бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі Ережесіне» және 30 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес),

  • халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;

  • жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;

  • ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және энзоотиялық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;

  • жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және жою.

  • ветеринария бөлімінде тағайындалатын мамандар міндетті түрде жоғары немесе арнаулы орта білімді – ветеринар маман болуы тиісті
  • көрсетілетін мемлекеттік қызметтік сапасын арттыру;

  • көрсетілетін мемлекеттік қызметтік нормативтік қалыптық базасын жетілдіру.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 17:26
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.04.2017 10:47