Array Жылыой ауданы тұрғындары мен қонақтарына Ескерту! | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2017

Қызметтер

Жылыой ауданы тұрғындары мен қонақтарына Ескерту!

Крещение мерекесінде ойықтағы суға шомылу жоспарлап отырған адамдар үшін мына қағидаларды сақтауға ұсыным жасалады:
- жағалауға жақын арнайы жабдықталған жерге, әсіресе құтқарушылардың бақылауында болатын суда құтқару станцияларына жақын орындарда суға шомылу;
- шомылар алдында денені қимылдатып, шамалы жүгіріп, бойды жылытып алған жөн;
- суға шомылар орынға ыңғайлы, тайғанамайтын әрі жеңіл шешілетін аяқ – киіммен бару керек, сонда ғана аяғыңа сенімді боласың. Ойылған мұзға жету үшін аяққа бәтеңке немесе жүннен тоқылған байпақ (шұлық) киген жөн. Мүмкін болса, арнайы резеңке тапочкаларды пайдаланған дұрыс, олар аяқты үшкір тастар мен тұздан қорғайды, сонымен қатар олар мұз үстінде тайғанамайды. Суға шомылу орнына барар жолдың тайғанақ болатынын ескеріңіз. Асықпай, абайлап жүріңіз;
- суға түсетін сатының нық тұрғанын тексеріңіз. Қосымша сақтық үшін суға күрмелген арқанды тастаған дұрыс, қажет кезінде суға шомылушылар соның көмегі арқылы жағаға шыға алатын болады. Арқанның келесі ұшы жағалауға мықтап байлануы керек;
- ағзаның жалпы салқындап кетуін болдырмау мақсатында суда 1 минуттан артық болмаңыз;
- егер қасыңызда балаңыз болса, оның суға түсуін мұқият қадағалаңыз. Бала үрейленген кезде малти білетінін ұмытып кетуі мүмкін.;
- судан шыққан соң, баланы, өзіңізді жақсылап орамалмен сүртіп, құрғақ киім киіңіздер;
- иммунитетті нығайту мен дененің салқындау мүмкіндігін болдырмау үшін ыстық шай ішкен жөн, әсіресе алдын ала термоста даярланған жеміс – жидектің шәйін пайдаланыңыз.
Мұзды суға шомылар алдында дәрігердің кеңесін алғандарың дұрыс. Қыста шомылу – төмендегі науқас түрлеріне қарама – қайшы келеді:
- жүрек – тамыр жүйесі ауратындарға (инфаркт алғандарға т.б.);
- орталық нерв жүйесі нашарлағандарға (эпилепсия, энцефалит, арахноидит);
- көру жүйесіне (глаукома, коньюктивит);
- дем алу органдарына (өкпе түберкулезі);
- өкпенің ісінуі (астма, эмфизема);
- тері аурулары.
Крещение кезінде ойықтағы суға шомылу үшін:
- орамал мен қалың халат, қосымша құрғақ киім;
- суға түсетін арнайы және іш киімдер;
- резеңке бас киім қажет.
Крещения православиелік мейрамы кезінде суға шомылу орындары арнайы жабдықталып, суға түсу мен судан шығу құралғылары болуы керек. Судың тереңдігі 1,5 метрден аспауы қажет. Судың түбі тегіс және құмды болғаны дұрыс. Мас азаматтарға шомылуға қатаң тыйым салынады.
Крещения православиелік мейрамы кезінде суға шомылу орыны Құлсары қаласы, "Қамыскөл" көлінің 8-ауыл бетіндегі "Қамыскөл" саябағының маңында 30 метр қашықтықта орналасқан, 19 қаңтар күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін арнайы құтқару, құқық қорғау және денсаулық сақтау бөлімдерінен құралған арнайы жасақтар кезекшілікте болады

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті
«Батыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ-нің
Жылыой ауданының бас құтқарушысы С.Абуев


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 10:32
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.06.2016 10:32