Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді

Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы-мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Елімізде әйелдер теңдігін қамтамасыз етуге ықпал ететін 2009 жылы екі заң қабылданды. Оның бірі-«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» болса, екіншісі-«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы».

Гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң. Қазіргі кезеңде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемде жұмыстар жүріп жатыр. Айта кету керек, әйелдер қай салада қызмет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігінде арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығы мен қызығы, жетістігі мен жемісі болады. Әйелдерді саясатқа, үкіметтік билік органдарына, экономикаға, бизнеске қатыстыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, сонымен қатар отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру. Әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек артық айтқандық емес. Қазір қоғам болып ұстаз қауымының мәртебесін көтеруге күш салуда. Білім заңына да «ұстаз мәртебесі» деген арнайы бап енгізілді. Ұстаз адамның адам болып қалыптасуына ықпал жасайтын бірден бір маман. Қазір көп ата-ана «баланы киіндіріп, ішіндіріп, ата-аналық міндетімді орындадым» деп ойлайды. Ал өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ үшін ең басты, керек нәрсе ата-аналық жылылық екенін түсінбейді. Ата-ананың бала алдындағы басты парызы, киіндіріп, ішіндіруден де бұрын-дұрыс тәрбие беруі. Ұрпақ тәрбиесінің жақсы болуы-елдің жарқын болашағының кепілі.

Әйел адам өмірге сәби әкеліп, соны жақсылап тәрбиелесе басты міндетін орындағаны дер едім. Рас Іскерлік, ақылдылық, білімділік жағынан алда тұрған әйелдеріміз баршылық.

Ұстаз бақыты шәкіртіңмен бірге қуана білу. Біз үшін басты марапат-ата-ана мен оқушының алғысы.

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» демей ме? Бүгінгі күні әйелдер қоғамымыздың барлық салаларында да, белсенділік танытуда. Олар қандай қызмет атқарса да, аналық құқығын гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай, болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы болуда.


Мақаланың шыққан күні: 17.05.2019 15:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.05.2019 15:15

Қаралым саны: 1192