Array Темір жол көлігі | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

Темір жол көлігі

Атырау қаласының теміржол вокзалы, Мұса Баймұқанов көшесі – 66 мекен жайында орналасқан. Аталған вокзал 1971 жылы 300-500 жолаушыға арналып салынған.

Соңғы жылдары облыс басшылығы мен теміржол бөлімшесі басшылығының бірлескен қызметтерінің арқасында қосымша екі жүрдек поезд, яғни «Атырау – Алматы» және «Атырау – Астана» поездары қосылып отыр. Вагондардың барлығы да су жаңа болғандықтан әр жолаушының айтар алғысы мен қосар қуанышы мол.

Күн сайын Атырау вокзалы арқылы 14 жұп жолаушы поездары қатынайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы Казахстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жылдығын тойлайтын жылы Астана мен Атырау қалаларын қосатын жаңадан маршрут ашты.

2011 жылдың 31 мамырында «Астана-Атырау» бағыты бойынша №47/48 «Каспий» жолаушылар поезы жүре бастады.

2013 жылғы 8 маусымнан бастап «Алматы мен Атырау» аралығында Алматы – Атырау бағыты бойынша "Сарайшык" жүрдек поезы іске қосылды.


 


 

Облыста темiр жол тасымалдарының негiзгi операторы «Қазақстан Темiр Жолы» Ұлттық компаниясы» Атырау тасымалдау бөлiмшесi филиалы болып табылады. Атырау тасымалдау бөлiмшесiнiң қызметi жүк және жолаушылар тасымалдары процесiнiң Атырау аумақтық шекарасында тиiмдi ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Атырау жол бөлiмшесi темiр жол жолдарының пайдалану ұзындығы 855,5 шақырым, бас жолдардың жайылған ұзындығы 851,8 шақырымды құрайды. Атырау тасымалдау бөлiмшесi пайдалану қызметiн қамтамасыз етуге 51 жеке пункт берiлген, оның 16-i станса, 35 разъезд.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 14:42
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.09.2016 16:54