Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.08.2017

Қызметтер

Жанақаратон ауылдық округ әкім аппараты

Жаңа қаратон поселкесі әкімі
Молдабаева Рәзия Жұмағалиқызының өмірбаяны

 

Молдабаева Рәзия Жұмағалиқызы 1962 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Білімі – жоғары. 1986 жылы Гурьев педагогикалық институтын – орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1979 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы Қаратон поселкесіндегі №8 Крупская атындағы мектептің аға пионер тәлімгері болып бастады.

1988 жылдан 1990 жылға дейін №8 Н.К.Крупская атындағы орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарды.

1990-1994 жылдары «Тенгизнефтегаз» ӨБ технологиялық транспорт басқармасының мамандар бөлімі бастығы болып жұмыс істеді.

1996 жылдан 2009 жылға дейін №8 Н.К.Крупская атындағы орта мектептің орыс тілі және орыс әдебиеті пәні мұғалімі, №22 жалпы орта білім беретін мектептің оқу – тәрбие жұмысы жөніндегі мектеп директорының орынбасары, кейін 2006 жылы №23 жалпы орта білім беретін мектеп директоры лауазымында болды.

2009 жылы тамыз айында Жаңа Қаратон поселкесі әкімі болып тағайындалды.

Еңбек жолында қоғамдық жұмыстармен айналысып, Қаратон поселкесінің алғашқы комсомол оранизациясының хатшысы болып сайланды.

2004 жылдан бері «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі.

Тұрмыста, 3 бала тәрбиелеуде.

Мекен-жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті, Боран Ержанов көшесі-62

Электронды адресі: akimatkaraton_61@mail.ru

Байланыс телефондары: 87123725895, 87123725845,87123725890

 

Жаңа Қаратон кенті әкімі аппараты бойынша қабылдау кестесі

Қабылдау жүргізушінің Т.А.Ә.

Лауазымдық қызметі

Уақыты, күндері

Қызметтік телефоны

 

Молдабаева Разия Жұмағалиқызы

 

 

Кент әкімі

 

Сәрсенбі 17-00

Жұма 17-00

 

2-58-95

 

Жалғасбаева Шаштыбике Кенжеғалиқызы

 

Кент әкімінің орынбасары

 

Дүйсенбі 16-00

Бейсенбі 16-00

 

2-58-45

 


 

Жаңа Қаратон кентінің тарихы

Облыс әкімінің 2000 жылғы 11 наурыздағы №370 шешіміне сәйкес Жаңа Қаратон поселкесі құрылды.Жылыой ауданы Жаңа Қаратон поселкелік округі шығысында Құлсары қаласымен, батысында Жем селолық округімен, солтүстігінде Қосшағыл селолық округімен шекаралас. Барлық жер аумағы 8973 га. Поселке аудан орталығы – Құлсары қаласынан 7 шақырым.

1992 жылы Жаңа Қаратон поселкесінің алғашқы тасы қаланды. 1993-1995 жылдары чехословак құрылысшыларының күшімен европалық стандартқа сай салынған әсем екі қатарлы 63 коттедж үйлер пайдалануға берілді.1999-2000 жылдары «Қазақойл-Ембі» АҚ қаражатына 622 үй салынып, Қаратон елді мекенінің бүкіл тұрғындары көшірілді, сонымен қатар осы жылы екі қатарлы №22 мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

Қауіпті аймақта орналасуына байланысты Қаратон поселкесін жаңа қонысқа көшіру жүзеге асырылғанда №8 жоғары сатылы жалпы орта білім беретін мектептің негізінде №22 жоғары сатылы жалпы орта білім беретін мектеп ашылған еді. Жаңа Қаратон поселкесіне қоныстанушылардың көбеюіне байланысты оқушылардың саны да көбейді. Осыған орай аудан әкімі Р.Артығалиевтің 1999 жылғы 31 тамыздағы №391 шешімі бойынша бастауыш мектеп негізгі сатылы мектеп болып құрылды.2000 жылдың 29 тамызында аудан әкімі Р.Артығалиевтің №669 шешімі бойынша негізгі сатылы мекетеп жоғары сатылы жалпы орта білім беретін мектеп болып құрылды. Мектептің жер учаскесінің көлемі - 2,35 га.Екі этажды, көлемі 3454 шаршы метр, 422 оқушыға арналған мектеп үйі пайдалануға 1999 жылдың 20 желтоқсанында берілді. Бұл мектеп үйінің оқушыларға тарлық етуіне байланысты 2001 жылы көлемі -1023,40 шаршы метр, 300 оқушыға арналған қосымша бастауыш мектеп үйі пайдалануға берілді. Мектептің жеке жылу қазандығы жұмыс жасайды. Мектепке 2001 жылдың 26 желтоқсанында Атырау облыстық Білім департаментінің жалпы орта білім саласында білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін шектеусіз мемлекеттік лицензиясы берілді. Мектеп 2000 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде №3614-1915-ГУ куәлігімен тіркелген жарғысы бойынша еңбек етуде. Мектептің еңбек сабағына арналған шеберханасы, 60 оқушыға арналған асханасы, медициналық кабинеті, кітапхана, компьютер класы, акт залы, спорт залы, пәндік кабинеттері жұмыс жасайды.

2002 жылы «Қазақойл-Ембі» АҚ бөлінген қаражатқа 90 үй құрылысын салып, бұл үйлерге Сарқамыс поселкесінің тұрғындары көшірілді.

2004 жылы поселкеде Сарқамыс және Кеңарал елді мекен тұрғындарына арнап тұрғын үйлер құрылысы басталды. «Теңізшевройл» ЖШС-нен бөлінген қаражатқа «Ақмолагазстроймонтаж» ЖШС-ң құрылыс-жобалау фирмасы 321 пәтер, №23 орта мектеп құрылысын салып, пайдалануға берілді.

№23 жоғары сатылы орта білім беретін мектеп 432 орындық , жалпы алаңы 3994,4 шаршы метр. Мектепте 15 сынып, 5 кабинет (лингафондық кабинет-2, химия кабинеті-1, информатика кабинеті-1, физика кабинеті-1), спортзал, 270 орындық акт залы, 144 орындық асхана, 15 орындық кітапхана бар.

2006 жылы «Нұрқас-Сатыбалды» ауылдық мешіті ашылды. Мешіт 500 орындық, жалпы алаңы 6300 ш.м. Мешіттің құрылысын «АБТ-ЛТД» корпорациясы жүргізген.

2006 жылы Жаңа Қаратон поселкесінде «Теңізшевройл» ЖШС-ң «Игілік» бағдарламасы бойынша 25 орындық дәрігерлік амбулаториясы пайдалануға берілді. Амбулатория жаңа технологиялармен жабдықталған. Бүгінгі күні барлығы 14 кабинет (егу бөлмесі, тіс емдеу кабинеті, балаларды қарайтын, әйелдерді қарайтын, физиокабинет, стационар бөлмесі, лаборатория кабинеті, т.б.).

Поселкеде бұдан басқа да мекеме бөлімшелері жұмыс жасайды. Атап айтқанда, учаскелік полиция бөлімшесі, №9 өрт сөндіру бөлімі, «Жылыой тазалық» ЖШС-ң поселкедегі бөлімшесі, пошта байланыс торабының бөлімшесі халыққа қызмет көрсетуде.

Республикалық бюджет есебінен кентте 2014 жылы 280 орындық бала-бақша құрылысын «Ғимарат» ЖШС-і бастап , 2015 жылы қаңтарда аяқталып ашылғалы отыр.

2009 жылғы тамыз айынан бастап поселке әкімі міндетін Молдабаева Разия Жұмағалиқызы атқарып келеді.

Атырау облысы әкімі Б.Ізмұхамбетовтің 2014 жылдың 29 тамызындағы №14 «Атырау облысы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес аудан әкімі М.Ізбасовтың 2014 жылдың 26 желтоқсандағы №614 «Жылыой ауданы әкімиятының 2005 жылғы 6 қаңтардағы №5 «Жылыой ауданында Жаңа Қаратон поселке әкімі аппараты», «Жем селолық округі әкімі аппараты» және «Майкөмген селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемелерін құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысымен Жаңа Қаратон поселке атауы «Жаңа Қаратон кенті» болып өзгертілді.

 

Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кентінің төлқұжаты

Атырау облысы Жылыой ауданының Жаңа Қаратон кенті 2000 жылы құрылған. Шығысында Құлсары қаласымен, батысында Жем селолық округімен, солтүстігінде Қосшағыл селолық округімен шекаралас.

Кент әкімінің қызметін 2009 жылдың 13 тамызынан бастап Молдабаева Разия Жұмағалиқызы атқарып келеді.

Жылыой ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №614 «Жылыой ауданы әкімиятының 2005 жылғы 6 қаңтардағы №5 «Жылыой ауданында Жаңа Қаратон поселке әкімі аппараты», «Жем селолық округі әкімі аппараты» және «Майкөмген селолық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемелерін құру туралы» қаулысына өзгерістер туралы» қаулысы негізінде Жаңа Қаратон кенті болып өзгертілді.

Географиялық жағдайы, ықылымы (климат)

Кент аумағы-8973 га.Халқының саны - 7191 адам.

Климаты қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Солтүстігінде -14 ͦ С, кейде -30 ͦ С дейінгі аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +30-31 ͦ С аралығында.

Кент көлемі негізінен шөл-шөлейт аймақ зонасына жататындықтан ылғалы аз, жері ащы, сорлы жерлерге тән өсімдіктер өседі. Кент аумағындағы жануарлар дүниесінде негізінен кемірушілер, бауырымен жорғалаушылардың үлесі басым. Кездесетін негізгі жануарлар: қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, күзен, т.б.

 

Жаңа Қаратон кентінің халқы, кент туралы мәлімет

р/с

Мазмұны

Өлшем бірліг 01.2017 ж
 

Кенттің құрылғаны

жыл 2000
 

Аумағы

га 8973

 

Халық саны

адам

7261

 

Үй саны

бірлік

1190

І. Кент халқының әлеуметтік жағдайы

13

Еңбекке жарамдысы

адам

3994

- жұмыс жасайтыны

адам

3880

- жұмыспен қамту орталығында тіркелгендері /жұмыссыздар/

адам

22

- зейнеткерлер

адам

484

- соғысқа қатысқандар

адам

-

- мүгедектер

адам

170

-жалпы табысы минимумнан төмен адам саны (кедейшілік шегінен төмен)

отбасы/адам

22/123

- аз қамтылған

отбасы/адам

-/-

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар

отбасы

-

- АӘК алушы отбасында тұратындар

адам

-

- жалғызбасты зейнеткерлер

адам

3

Бір жанұядағы орташа адам саны

 

6

14 Көп балалы отбасылар   504
15 - 4 балалы   216
- 5 балалы   135
- 6 балалы   71
- 7 балалы   66
- 8 балалы және одан да көп балалы   16
- мектепке дейінгі балалар саны(1-5 жастағы балалар саны)   1444
ІІ. Кенттің жер көлемі
16 Барлық жер аумағы га 8973
- оның ауылшаруашылық алқабы   -
- тың жер   -
- егістік   -
- шабындық   -
- жайылым   -
- басқалай жер   -
- арнаулы жер қоры   -
ІІІ. Кент аумағындағы өндірістік кәсіпорындар,мекемелер және басқа құрылымдар
17 Акционерлік қоғам Бірлік -
-жұмыс жасайтын адам саны Адам -
  Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірлік 1
Жұмыс жасайтын адам саны адам 3
18 Коммуналдық кәсіпорындар бірлік -
Жұмыс жасайтын адам саны адам -
19 Шаруа қожалығы бірлік 4
Жұмыс жасайтын адам саны адам 10
20 Өндірістік кәсіпорындар бірлік -
Жұмыс жасайтын адам саны адам -
21 Тасымалдау кәсіпорындары оның ішінде бірлік -
- әуе транспорты бірлік -
- Жұмыс жасайтындар саны адам -
- теміржол транспорты бірлік -
- жұмыс жасайтындар саны адам -
22 - Құбыр арқылы тасымалдау бірлік -
- жұмыс жасайтындар саны адам -
Банктер мен бөлімшелері бірлік -
23 Жұмыс жасайтындар саны адам -
Пошта бөлімшелері бірлік 1
24 Жұмыс жасайтындар саны адам 4
ІV. Шағын бизнес және кәсіпкерлік
26 Жеке секторларда- базарлар бірлік -
27 - дүкендер (сауда саттықтың барлық түрлері) бірлік 40
- кафе-барлар бірлік 4
- асхана-шайхана бірлік -
- мейрамхана бірлік -
- наубайхана бірлік 1
- фото салон бірлік -
- шаштараз бірлік 2
- сұлулық салоны бірлік 1
- көтерме сауда орындары бірлік -
- дене шынықтыру, сауықтыру кешені бірлік -
- АГЗС бірлік -
- автотұрақ бірлік -
- компьютерлік ойындар бірлік -
- дәріханалар бірлік 2
-автокөлік жуу және техникалық қызмет көрсету орталығы бірлік 1
-ағаш шеберханасы бірлік 1
V. Негізгі экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер
28 Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі Млн.теңге -
- мұнай өндіру Мың.тонна -
- газ өндіру Млн.м/куб -
Тауар айналымы млн. теңге -
29 Мал саны барлығы:оның ішінде. бас 3078
30 - ірі мүйізді қара бас 1090
- жылқы бас 161
- түйе бас 286
- қой және ешкі бас 1408
- шошқа бас -
- құс бас 133
Ет өндіру, барлығы тонна 19,0
31 - ауыл шаруашылық кәсіпорындарында   -
- шаруа қожалықтарында   8,2
- жеке қожалықтарда   10,8
Сүт өндіру, барлығы тонна 43,0
32 - ауыл шаруашылық кәсіпорындарында    
- шаруа қожалықтарында   6,5
- жеке қожалықтарда   39,5
Жүн өндіру, барлығы тонна -
33 - ауыл шаруашылық кәсіпорындарында   -
- шаруа қожалықтарында   -
- жеке қожалықтарда   -
Көкөніс өндіру, барлығы тонна -
34 - ауыл шаруашылық кәсіпорындарында   -
- шаруа қожалықтарында   -
- жеке қожалықтарда   -
Картоп өндіру, барлығы тонна -
35 - ауыл шаруашылық кәсіпорындарында   -
- шаруа қожалықтарында   -
- жеке қожалықтарда   -
Бақша өнімдерін өндіру, барлығы тонна -
36 - ауыл шаруашылық кәсіпорындарында   -
- шаруа қожалықтарында   -
- жеке қожалықтарда   -
VІ. Мәдени-әлеуметтік сала
37 Ауруханалар бірлік -
- босану бөлімшесі бірлік -
- өкпе ауру ауруханасы бірлік -
- емхана бірлік -
- ФАП бірлік -
- ауылдық дәрігерлік емхана бірлік 1
- тері-венерологиялық диспансер бірлік -
- жұмыс жасайтындар саны адам 17
38 Мектеп саны бірлік 2
- орта адам 2
- орталау адам -
- негізгі адам -
- бастауыш адам -
39 Оқушылардың саны адам 1320
40 Мұғалімдердің саны адам 156
41 Мектепке дейінгі балалар мекемелері бірлік 1
- тәрбиешілер саны адам 18
- балалар саны адам 280
42 Саз мектебі бірлік -
- мұғалімдер саны адам -
- оқушылар саны адам -
Өнер мектебі бірлік -
- мұғалімдер саны адам -
- оқушылар саны адам -
43 Мәдениет үйі бірлік -
- жұмыс жасайтын адам саны адам -
44 Мұражай бірлік -
- жұмыс жасайтын адам саны адам -
45 Кітапханалар бірлік 2
- жұмыс жасайтын адам саны адам 4
-кітап қоры дана 17611
46 Монша /жеке шарбақтарда/ бірлік -
47 Тұрғын - үй қоры, барлығы Мың/м2 143741
Жекешелендірілген пәтерлер бірлік 960
Жекешелендірілмеген пәтерлер бірлік 52
48 Автокөлік (жеке/заңды) барлығы сонын ішінде: бірлік 517/8
Жеңіл автокөлік бірлік -
Жүк автокөлік бірлік 64/4
Трактор және басқа тіркемелері (жеке/заңды) бірлік 4/4
Автобустар бірлік -
Мотоцикл бірлік -
49 Автокөлік жолының ұзындығыоның ішінде: км 25
республикалық км -
жергілікті км 7
іш аралық км 18
Шаруашылық жолдар км -
50 Телефон нүктелері саны бірлік 1028
51 Қоғамдық ұйымдар саны 5
- ардагерлер кеңесі бірлік 1
- партиялар бірлік 1
- Жылыой аудандық жастар Одағы бірлік -
- мүгедектер қоғамы бірлік 1
- Аналар кеңесі бірлік 1
- қоғамдық келісі кеңесі бірлік 1
- жүрек жылуы   -
- Барыс-Денсаулық клубы   -
- мұғалімдер ассоциациясы   -
- Жылыой-азимут   -
- Құлсары жастары   -
- Замана сазы    
- Талаптан    
- Жылыой экспресс    
- Спорт ардагерлері Одағы    
- Тәжік-ауған соғысы ардагерлері    
- Жылыой-демеу    
- Шарапатты шаңырақ    
- Жылыой аудандық ауған соғысы ардагерлері қоғамы    
52 Жұмыс жасайтын әр адам, оның орташа айлық табысыоның ішінде: теңге  
- өндірісте теңге 190000
- денсаулық сақтау саласында теңге 75000
- білім беру саласында теңге 75000
- басқа мемлекеттік мекемелер теңге 45000

Жаңа Қаратон кентінде орналасқан әлеуметтік обьектілер туралы мәлімет:

Обьектінің атауы саны
1 Мектеп 2
2 Бала-бақша 2
3 Кітапхана 2
4 Емхана 1

Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 10:06
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.07.2017 10:03