Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.10.2017

Қызметтер

Жакиева Ляззат Сапаргалиевна

Жакиева Ляззат Сапаргалиевна

Аты-жөні, тегі: Жакиева Ляззат Сапаргалиевна

Қызмет ететін мекеме атауы: «Қарлығаш» мектепке дейінгі санаториялық бөбекжайы

Номинациясы: «Өндірістің үздік тәлімгері»

Қысқаша мінездеме: Жакиева Ляззат Сапаргалиевна- Гурьев педагогикалық институтының мектепке дейінгі педагогика психология мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын 1985 жылы «Қарлығаш» балабақшасында тәрбиеші болып бастады.Ол балаға жылы жүрегімен,мейірімділігімен тәрбие беріп, балалардың сүйікті апайына айналды.Осы еңбекті сүйе біліп, ізденгіштігін көрсете біліп, әдіскерлік қызметке көтеріліп,балабақшаның абыройын қорғай білді.Ляззат Сапарғалиқызының еңбекқорлығы,білімділігі, ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 2011жылдан бастап осы бөбекжайдың директоры болып тағайындалды. Бұл ұжымда әр адамның жанын түсініп, ұжым мүшелерімен, ата-аналармен тіл табысып еңбек етіп келеді. Бөбекжайдың материалдық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосып келеді.2015жылы бөбекжайға бөлінген 25 миллион қаржыға заман талабына сай күрделі жөндеуді өткізді.Осындай қызметтерінің арқасында Ляззат Сапарғалиқызы Аудандық мәслихаттың Алғыс хаты, Аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мекен-жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы, Жамбыл көшесі, 11 үй; тел: 8712 34 24430;

 

 


Мақаланың шыққан күні:: 04.08.2017 08:31
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.08.2017 07:00