Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

Жас тілшілер латын əліпбиі туралы

Жас тілшілер латын əліпбиі туралыН.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында Елбасы Н.Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Мақаласы аясында латын əліпбиіне көшуге байланысты «MENIN BASTAMAM» атты облыстық жас тілшілер жиыны болып өтті.

Жиынға Махамбет, Исатай аудандары мен Атырау қала мектептерінде ашылған жас тілшілер, қаламгерлер үйірмесінің мүшелері қатысты. Бағдарлама жоспары бойынша «Нүкте» ток-шоуы көрермен назарына ұсынылып, оқушылар латын əліпбиі турасында өз пікірлерін еркін білдірді. Əліпбидің тиімді жақтарын саралап, жас буынға латын əліпбиіне көшу қиындық келтірмейтінін нақты мысалдар арқылы талқыға салды. Шара соңында жиында белсенділік танытқан бірнеше оқушы Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі атынан «Алғыс хаттармен» марапатталды. 

 

 

Жас тілшілер латын əліпбиі туралы Жас тілшілер латын əліпбиі туралы Жас тілшілер латын əліпбиі туралы

Мақаланың шыққан күні: 30.10.2017 05:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.11.2017 11:16

Қаралым саны: 1446