Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша өзара байланысы

Кадрларды даярлау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум щеңберінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша білім алушы студенттер өндірістік практикадан жыл сайын өтеді.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Қытай, Монғолия, Өзбекстан және Ресей Федерациясының студенттері білім алады.

Өндірістік практикада студенттердің әрқайсысы Департаменттегі әр маманға бекітіліп, олармен бірлесе ЕЭО щеңберіндегі Техникалық регламент талаптарымен танысады. Студенттерге коммерциялық құпияларды құрамайтын өзге де құжаттармен, стандарттармен, бар әдебиеттермен танысуға мүмкіндік ұсынылады.

Өндірістік практика барысында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында, 1-ші және 2-ші курс студенттеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ҚР СТ 988-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар» және ҚР СТ 989-2014 ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ұлттық стандарттарының негізгі талаптарымен таныстырылды.

Сонымен қатар студенттердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің негізгі элементтерінің атауының білуіне және ұлттық стандарт талаптарына сәйкестігіне практикалық жұмыс өткізілді.

9 маусым – «Аккредиттеу қауіпсіз әлемді қалыптастырады!» ұранымен Бүкіләлемдік аккредиттеу күні.

Бүкіләлемдік аккредиттеу күніне орай Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті аккредиттеу суъектісінің бірі - «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалының ғимаратында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттеріне дөңгелек үстел өткізді.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалының директоры Нұрлан Орынбаев сынау орталығының ұжымы мен зертханалық базасымен таныстырды.

Сынау орталығы заманауи жабдықтармен және жұмыс эталондарымен жабдықталған. Салыстырып тексеру зертханасының мамандары өлшем құралдарын салыстырып тексеру жұмысын көрсетті.

Сынау зертханасына барған кезде стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша студенттер қойған сұрақтарына толықтай жауаптарын алды.

Департамент мамандары студенттерді сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік және ұлттық, мәдени ұстанымын тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларымен таныстырды.

Осылай қоғамды мемлекетке және мемлекеттік қызметшілерге деген сенімі нығаяды.

Өндірістік практика соңында Департамент мамандарының бірлескен жұмысы туралы пікірі мен студенттердің есебі тыңдалды. Департамент басшысы барлығына оқуда жетістік және кәсіби өсулерін тіледі.

Бірнеше жылдар бойы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті техникалық реттеу және метрология саласы бойынша кадрларды дайындауға белсенді ат салысуда.

 

 

 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

министрлігі Техникалық реттеу және метрология

комитетінің Атырау облысы бойынша

департаментінің басшысы С.Камешева


Мақаланың шыққан күні: 15.08.2018 08:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2018 22:14

Қаралым саны: 1003