Array Жоғары оқу орындары | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.04.2017

Қызметтер

Жоғары оқу орындары

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев

1957 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Б.Мамраев Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын орта мектепте мұғалім болудан бастап, Қарағанды және Алматы қалаларының жоғары оқу орындарында оқытушылық етеді. Ұзақ жылдар ҚР Ұлттық Ғылым Академиясында қызмет атқарып, Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары болады.

2000 жылдан бастап – ҚР Президенті Әкімшілігінің білім және ғылым секторының меңгерушісі, 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы кеңесшісі, 2006 жылы – Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2008 жылдан бастап – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметтерін атқарды. Б.Мамраев, сонымен қатар, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесінің және бірнеше ғылыми басылымдардың әдебиет және фольклор мәселелері жөніндегі редакция алқасының мүшесі болып табылады. Көптеген шетел университеттері мен ғылыми ұйымдарында дәрістер оқыған.

2012 жылдан бастап, қазіргі уақыт аралығында - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

 

 Университет тарихы

 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті-Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өзіндік тарихы мен тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі.

Университет 1950 жылы 14 маусымда мұғалімдер институты ретінде ашылды. Алғашқы оқу жылында институтта 3 бөлім ашылып, әр бөлімде қазақ және орыс тілдерінде оқитын 50 студенттен 150 адам қабылданды.

1955 жылы мұғалімдер институты педагогикалық институтқа айналды. 1994 жылы педагогика институты Атырау университеті болып құрылды. Осы жылы оқу орнына көрнекті қайраткер, ғұлама ғалым Халел Досмұхамедовтың есімі берілді. Жоғары оқу орны мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, Қазақстаннның Батыс аймағында алғашқы аймақтық университет дәрежесіне ие болды.

2005 жылы оқу орнының білім берудегі бәсекеге қабілеттілігімен және әлемдік білім беру саласындағы талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған Сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Оқу орны «Moody International Certification» ұйымының «ИСО 9001-2000» және «Эксперттеу және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ-ның Батыс Қазақстандық филиалының сертификатына ие болды.

2007 жылы университет ғалымдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жеткен жетістіктері үшін» сыйлығының жеңіпаздарын анықтау мақсатында болған «Алтын сапа» көрме байқауына қатысып, белсене қатысушы мекеме ретінде Алғыс хатқа ие болды.

2009 жылдың 18 қыркүйегінде (Болонья) университеттер Ұлы Хартиясына қол қойды, бұның өзі – университеттің  қабілеттігі мен мол дәстүрінің белгісі.

2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Ұлы Хартиясына біріккен 600 әлемдік университеттер қатарына енді. Соның нәтижесінде университет Болон процесінің толық қатысушысы болып есептелді. Болон үдерісі талаптарына сәйкес білім алушылардың қос диплом алуларына, оқу орнын қысқа мерзімде бітіруге мүмкіндігі бар.  Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының рейтенгісінің қортындысы бойынша университет көп салалы университеттердің ішінде алтыншы орынға ие.

Университет саясаты-сапалы білім беру, халықаралық деңгейге шығу, дайындаған мамандарымыздың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Оқу орны 46 мамандық бойынша бакалаврлар және 14 мамандық бойынша магистрлер даярлауды жүзеге асырады. Университетте 500 – ден астам оқытушы – профессорлар еңбек етсе, олардың 200–і ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, профессорлар мен доценттер.

Университетте электрондық оқулықтар даярлау зертханасы, ақпараттық технологиялар орталығы, баспахана, оқу-телерадио орталығы, электрондық оқу залы, интернет-клуб, қазіргі заманауи техникалық құралдармен жабдықталған оқу зертханалары мен компьютерлік сыныптар жастарға сапалы білім беру ісінде тиімді пайдаланылады.

Түлектерді жұмысқа орналасу деңгейін арттыру және білікті мамандарға тапсырыстарды қанағаттандыру үшін жыл сайын жұмысқа орналасу жәрмеңкесі өтеді, оған аймақтағы отандық және шетелдік компаниялар, түрлі деңгейдегі банк өкілдері, облыстық білім беру департаментінің жауапты адамдары қатысады. Мастер-кластар өткізіледі. «Дипломмен-ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылып келеді.

Университеттің  болашағы: Білім беру мен кәсіби мамандар дайындаудың сапасын халықаралық стандарттар деңгейінде қамтамасыз ететін, ұлттық инновациялық жүйені дамытуға және еліміздің батыс өңірінің үдемелі индустриалды-инновациялық даму міндеттерін шешуге белсене қатысатын Қазақстанның батысындағы жетекші оқу орны.

Факультеттер

  1. Физика және математика факультеті
  2. Тарих және филология факультеті
  3. Жаратылыстану факультеті
  4. Педагогика және өнер факультеті
  5. Әлем тілдері факультеті
  6. Экономика және құқық факультеті
  7. Қашықтықтан оқыту факультеті
  8. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындау факультеті

Мамандықтың аты
Білім

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5В010200 – Бастауышта оқыту  педагогикасы мен әдістемесі
5В010300 – Педагогика және психология
5В010400-Бастапқы әскери дайындық
5В010500-  Дефектология
5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу
5В010600 – Музыкалық білім
5В010800 – Дене шынықтыру және спорт
5В010900 - Математика
5В011000-Физика
5В011100 - Информатика
5В011200 - Химия
5В011300- Биология
5В011400 - Тарих
5В011600 - География
5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті
5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі
5В012200- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

Гуманитарлық ғылымдар

5В020300 - Тарих
5В020500 - Филология
5В020700 – Аударма ісі

Құқық

5В030100 - Құқықтану
5В030400 – Кеден ісі

Өнер

5В040300 – Вокалдық өнер
5В040400 – Дәстүрлі музыка өнері
5В042100 – Дизайн

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

5В050300 - Психология
5В050400 – Журналистика
5В050600 - Экономика
5В050700 – Менеджмент
5В050800 – Есеп және аудит
5В050900 – Қаржы
5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

Жаратылыстану ғылымдары

5В060100 – Математика
5В060200 – Информатика
5В060700 – Биология
5В060800 - Экология

Техникалық ғылымдар және технологиялар

5В070300 – Ақпараттық жүйелер
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология

Ауылшаруашылық ғылымдары

5В080100 - Агрономия
5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
5В080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
5В080500 – Су ресурстары және суды пайдалану

Қызмет көрсету

5В090200 – Туризм

 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,

060011, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212

Байланыс телефондары:

Ректордың қабылдауы: тел./факс:  +7 (7122) 27-63-21

Кеңсе тел./факс: +7 (7122) 27-63-23

e-mail:kense@atgu.kz; www.atgu.kz


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 10:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.06.2016 10:08