Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Аудандық құрылыс бөлімі бойынша, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар

Бюджеттік мекеме қызметкерлеріне тұрғын үй салу үшін 2017 жылы облыстық бюджеттен 60,0 млн.теңгесі игерілді, қалған 28 694,0 мың теңгесі 2018 жылға қаралды. Оның ішінде «Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылынан екі пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылысы» бойынша 9 303,0 мың теңге (жалпы құны 29 303,0 теңгеге), «Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан екі пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы» бойынша 19 391,0 мың теңге (жалпы құны 59391,0 мың теңге). Мердігер «Авто Строй Консалтинг» ЖШС-гі. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 01.03.2018 жылы. Мердігердің шарт бойынша өз міндеттерін тиісшінше орындамағаны (мерзімінде аяқтамағаны үшін) сотқа берілді. Тұрғын үйдің жалпы алаңы 220,0 м².(барлығы – 660,0 шаршы метр)

«Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округ әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының құрылысы» бойынша 2017 жылы – 54 616,0 мың теңге игеріліп (жалпы құны-58 091,7 мың теңге), 2018 жылға 4 000,0 мың.теңге қаралды. Мердігер «Астанаэнергомастер» ЖШС-гі. Құрылыс нысаны 2018 жылдың сәуір айында аяқталады.

«Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылынан 160 орындық бала-бақшаның құрылысына ЖСҚ байламы». Жобалау құны – 9 800,0 мың теңге. 2017 жылы 500,0 мың теңге бөлініп толық игерілді. Қалған 9 300,0 мың теңгесі 2018 жылға қаралды. Мердігер «Атыраугенплан» ЖШС-гі. Жұмыс жобасы «Мемсараптама» РМК-дан кешендік сараптама жүргізілуде. Сараптаманың басталуы: 04.04.2018, аяқталуы 25.06.2018 жыл.

Қызылқоға ауданы Миялы, Сағыз және Мұқыр ауылдарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын салу. 2018 жылға берілгені 10,0 млн. теңге (жалпы құны 762,16 млн. теңге). Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды. Миялы ауылынан 34,83 км (184 жер уч.), Сағыз ауылынан – 26,7 км (160 жер уч.), Мұқыр ауылынан – 30,4 км (142 жер уч.) инженерлік желі тартылады. Аталған жобаларды толық аяқтау үшін 752 161,0 мың теңге қажет етеді.

Қызылқоға ауданы Сағыз, Мұқыр, Жамансор және Жантерек елді мекендерін тұрақты ауыз сумен қамту үшін, Кереген жер асты су қорындағы 3 су ұңғымасының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау жоспарлануда. ЖСҚ дайындау үшін 2018 жылға 10,0 млн.теңге қаралуда.

 

Бөлім басшысы Ә.Әбдіғалиев


Мақаланың шыққан күні: 09.04.2018 06:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.04.2018 06:28

Қаралым саны: 1250