2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

Қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалысы

Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппаратында Қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, жұмыстар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, округ әкімінің 14.11.2018 жылғы №100 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып, талдау жүргізілді. Талдау негізінде округ әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ. Жоспарға сай «Қоғамдық бақылау картасы» жобасының жергілікті деңгейде маңыздылығын жариялау және тиісті дәрежеде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мекеме қызметкерлері арасында 6 рет түсінік жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар арасында 467 жадынамалар таратылды.

Демеу Асанғалиев көшесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық 2 баннер орналастырылды. Сондай-ақ округ әкімі аппаратының бас маманы Ж.Куанышеваның «Жемқорлық-індет, жою-міндет» тақырыбындағы мақаласы аудандық Қызылқоға газетіне және Қызылқоға ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына жарияланды. Жангелдин ауылдық кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында «Қоғам дерті жемқорлық» тақырыбында арнайы бұрыш жасақталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында кешенді жоспардың «Таспа» жобасына сәйкес 5 әлеуметтік сұхбат түсіріліп, аудан әкімдігінің фейсбуг парақшасына жарияланды. Округ әкімі аппаратында азаматтардың ұсыныс-пікірлер салуға арналған жәшік қолжетімді жерде ілінулі. Сенім (2-60-30) телефоны жұмыс жасайды. Сенім телефоны туралы хабарландыру Қызылқоға ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Жемқорлықпен күрес» бөліміне жарияланды. 2018 жылдың қараша айының аяғында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, мұғалімдерді, дәрігерлерді қатыстыра отырып театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама және желтоқсан айында «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнін» атап өту аясында шығармашылық форум ұйымдастырылатын болады.

 

Жангелдин ауылдық округінің әкімі

А.С.Оразов


Мақаланың шыққан күні: 21.11.2018 18:02

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2018 18:02

Қаралым саны: 914