Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының көшпелі отырысы туралы

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының көшпелі отырысы туралыОблыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының Исатай ауданында көшпелі отырысы өтті.

Комиссия төрағасының орынбасары, Білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Жансұлу Төремұратованың төрағалығымен өткен отырыста қаралған мәселелер: Исатай ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының тәжірибесін тарату; балалар мен жасөспірімдерді медициналық-сауықтыру шаралармен қамтудың жәй-күйі; жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың ұзақ уақыт қатыспауы бойынша; кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау қызметтері туралы.

Мәселелерді қарау және талқылау қорытындысы бойынша бірнеше тапсырмалар берілді: мектеп жанындағы интернаттардың материалдық-техникалық жағдайы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын мәселесін қатаң бақылауға алу, білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйесін бақылауға жауапты адамдарды бекіту, бейнебақылау камераларының үнемі жұмыс жасауын қадағалау, қыз бала тәрбиесіне қатысты ата-аналардың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша ұйымдастырылатын жобаны жүргізу үшін нақты ұсыныстар беру, жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына кәмелетке толмағандардың оқуға қамтылмау мәселесі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияларының отырысында қарау, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау қызметтерін ұйымдастыру, т.б.

Выездное заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области Выездное заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области Выездное заседание комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при акимате Атырауской области

Мақаланың шыққан күні: 29.11.2019 17:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.11.2019 17:38

Қаралым саны: 481