Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Атырау облысында Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібековпен кездесу

Встреча с Автором государственного Герба Республики Казахстан Жандарбек Малибековым в Атырауской области«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының ұлттық стандарттарын әзірлейді және бекітеді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын әзірлейді, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиаттың лицензияда көрсетілген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасындың мемлекеттік рәміздері - Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран болып табылады.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Мемлекеттiк Ту оның көлемiне қарамастан, ҚР СТ 988-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар» ұлттық стандартына сәйкес келуі тиiс.

Оның авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "QAZAQSTAN" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "QAZAQSTAN" деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Мемлекетік Елтаңба оның көлемiне қарамастан, ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Жалпы техникалық шарттар» ұлттық стандартына сәйкес келуі тиiс.

Іске қосылған сәттен бастап, кем дегенде 3 жыл кепілдік мерзімі енгізілді. Өнімді ашық ауада қолданған кезде, қызмет мерзімін өндіруші өзі тағайындайды, бұл стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін Мемлекеттік Елтаңбаны алмастыруға немесе қайтаруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік Туды және Мемлекеттік Елтаңбаны ұлттық стандартқа сай келмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуы және жойылуы тиіс.

Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 418-бабына сәйкес, –

жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандар туралы заңнамасын бұза отырып пайдалану (орнату, орналастыру) –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының стандарты Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында сақталады. Мемлекеттік рәміздер зияткерлік меншік болып табылады. Біздің еліміздің Мемлекеттік Елтаңбасына және Қазақстанның Мемлекеттік Туына деген құқығы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында тіркелді. Халықаралық деңгейде қабылданған стандарттарға сәйкес, бұл құқық Париж конвенциясына қосылған 130 елде заңмен қорғалады.

Қазақ тілі кириллицадан латын әріптеріне біртіндеп көшуіне байланысты, Қазақстан Республикасының 989-2014 ұлттық стандартына №1 өзгерістер 2018 жылғы 1 қарашада бастап енгізілді. Енді «Қазақстан» деген жазу Мемлекеттік Елтаңбадағы латын тіліне «QAZAQSTAN» деп өзгертіледі.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік рәміздер саласында жетекшілік, салааралық үйлестіру және мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен Қазақстан Республикасының бұрынғы мемлекеттік нышандарын ауыстыру үшін өтпелі кезең анықталды.

Еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарай отырып, әрбір қазақстандық Отанға деген патриоттық көзқарасын танытады, оның жетістіктері мен мәдениетін мақтаныш тұта отырып, біздің халқымыздың мәдени ерекшеліктерін сақтауға септігін тигізеді.

Встреча с Автором государственного Герба Республики Казахстан Жандарбек Малибековым в Атырауской области Встреча с Автором государственного Герба Республики Казахстан Жандарбек Малибековым в Атырауской области Встреча с Автором государственного Герба Республики Казахстан Жандарбек Малибековым в Атырауской области Встреча с Автором государственного Герба Республики Казахстан Жандарбек Малибековым в Атырауской области

Мақаланың шыққан күні: 04.07.2019 10:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2019 10:20

Қаралым саны: 602