Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы кездейсоқ емес. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты. Елбасымыз жаңа мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән береді.

Жалпы ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым. Кез келген ел тәуелсіздігін оның мемлекттік рәміздерінен бөліп қарамайды. Жас мемлекеттік жас астанасында және бүкіл республика аумағында елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятып, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.

Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән, мағынасы бар. Жай ғана мысал, олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін үлкен мақтаныш, зор жігер тудырады. Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздердің ұлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы орны да ерекше екені даусыз.

Сондықтан, егемен еліміздің салт-дәстүрін сақтап, оның мемлекеттік рәміздерін қастерлеу әр Қазақстан Республикасының азаматының міндеті, борышы.

Елімізді дүние жүзіне танытқан мемлекеттік рәміздер туралы танымдарын жетілдіру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру, балаларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату, дамыту мақсатында біздің «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасында жүйелі жұмыстар атқарылады. Мысалы, таяуда Рәміздер күні мерекесіне орай «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты тақырыптық кеш өткізілді. Әнұран шырқалып, қызықты шаралар, концерт ұйымдастырылды. Кеш соңы бүлдіршіндердің «Көк тудың желбірегені» әнін шырқауымен қорытындыланды.

 

Ғ.Аққалиқызы,

«Балдырған» бөбекжай балалар

бақшасының меңгерушісі


Мақаланың шыққан күні: 11.06.2019 10:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.06.2019 10:31

Қаралым саны: 871