Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2018

Қызметтер

Ауыз су

Халықты сапалы ауыз сумен қаматамасыз ету мақсатында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде елді мекендерде сумен жабдықтау нысандарын қайта құрылымдау, жаңа құрылыстарын салу, жаңғырту шаралары іске асырылуда.

2018 жылы осы бағытта жұмыстарды жалғастыру үшін 4 нысанның құрылысы үшін (ауыспалы 2 нысан және жаңа басталатын 2 нысан) жергілікті бюджет есебінен 183,3 млн.теңге қаражат қаралды. Олар: Исатай ауданының Қызыл үй, Жасқайрат елді мекендеріндегі су тазалау имараты мен кентішілік су құбыры желілерінің құрылысына, Құрманғазы ауданы Даулеткерей (Көнеу), Ганюшкин ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы.

Күні бүгінде Исатай ауданы Қызыл үй елді мекеніндегі су таpлау имараты мен кентішілік су құбыры желілернің құрылысы аяқталып, пайдалауға тапсырылды. Нәтижесімен облыс елді мекендерінің орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші 78,6 пайызға ұлғайды.

Сонымен қатар, ол Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылындағы су тазалау имаратын қайа жаңғырту жобасы әзірленді.

Бұдан басқа, 13 шағын елді мекендерге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. («Құрманғазы ауданындағы Алға ауылындағы Қарақұл, Голбин, Көкарна елді мекендеріне ауылішілік су құбырының желісінің құрылысы», «Құрманғазы ауданы Котяевка және Кудряшово ауылдарындағы су тазарту ғимараттары мен су құбырлар желілерін қайта жаңғырту», «Индер ауданы Ақтан және Қызылжар ауылына су құбырының құрылысы», «Индер ауданы Кетебай ауылына су құбырының құрылысы», «Исатай ауданы Амангелді ауылына су құбырының құрылысы», «Құрманғазы ауданы Асан ауылына ауылішілік су құбырының құрылысы», «Құрманғазы ауданы Үштаған ауылына ауылішілік су құбырының құрылысы», «Құрманғазы ауданы Сүйіндік-Асан-Үштаған магистралды су құбырының құрылысы», «Жылыой ауданы Қарағай ауылындағы су құбырының құрылысы»)


Мақаланың шыққан күні:: 10.05.2018 00:46
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.05.2018 16:48