Қызметтер
Облыс аумағында ірі өзендер - Жайық өзені, Еділ өзенінің саласы Қиғаш өзені, Жем, Сағыз, Ойыл ағады. Сонымен қатар, облыстағы көлдің бірі – Индер көлі.
Индер көлі Жайық өзенінің сол жағасынан 15-18 км. Жерде орналасқан. Көлдің ауданы – 110,5 шаршы км., ұзындығы – 13,5 км., ені – 11 км.
Көл шарасы тектоникалық процесстерден жер қыртысының төмен түсуінен пайда болған. Жағасы саздақты, су бетіне қарай 4-8 м. Құлама жар, жағалаулары сай – жыралармен тілімделген.
Негізгі толығу көзі айналасындағы саздардан шығатын тұзды бұлақтардан, көл шарасына тұз ерітіндісі қосылады да, бұдан қалыптасқан тұнбаның жоғарғы қабаты сапалы ас тұзы болып табылады.