Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау анықтамасы

«№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы, «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсе өкілі С.Жексенғалиева өз құзіреттігі шегінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2019 жылдың 30 маусым аралығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Мекеме өз құзыретіндегі функцияларын жеке-дара қолданатын Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №285 қаулысымен бекітілген мекеме Ережесіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» №165 бұйрығына сәйкес атқарады.

Аталған нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

Мекемеде персоналды басқару қызметі бойынша,атап айтқанда 2018 жылдың 1 жартыжылдығына мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен бірігуі, қызметкерлердің (кадрлардың) негізсіз жұмыстан шығуы, ауысуы, лауазымнан төмендетілуі, ерлі-зайыпты, жақын туысқандық қарым-қатынасы бар қызметкерлердің бірге жұмыс жасауы сияқты фактілер болған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу жүргізу жұмыстары бойыншада, сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жататын фактілер анықталмады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойыншамекеме тарапынан халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкесжүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде облыс прокурорының орынбасары Б.А.Жұмақановтың қаулысына сәйкес 2017-2019 жылдың қызметалушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы заңнаманың сақталуына, мемлекеттік бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізілді. Тексеріс барысында кейбір кемшіліктер анықталып, заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданып, кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау үшін қызметкерлер арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мекеме қызметкерлері арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады.

Мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2019 жылы мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірнеше шаралар ұйымдастырылды: «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметкерлері мен Атырау облысы бойынша арнайы мониторинг топ мүшелерімен бірлескен түрде мониторингтік жұмыстары жүргізілді. «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсе өкілімен «Адалдық сағаты» ашық диалог өтті.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту мақсатында мекеменің көрнекі жерінде арыз, шағымдар қабылдау жәшігі және сенім телефоны 325805 орналастырылған.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:51

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 14:50

Қаралым саны: 114