Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Исатай ауданының Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 20.01.2019- 20.07.2019 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.

Қамысқала ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аппарат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Аппаратта – 6 мелекеттік қызметкер (әкім-1, бөлім басшысы-1, бас маман - 4, 1 бас маманның орны бос) жұмыс жасайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған.

Көрсетілетін қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

Аппаратпен барлығы 78 өтініш қаралды (жеке тұлғадан 78). Қамысқала ауылдық округ аппараты арқылы әр түрлі қажеттіліктерге байланысты 56 өкім , 40 шешім шығарылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылықтар орын алған жоқ.

Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Қоғамдық бақылау картасы», «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңесі тақырыбында жаднамалар таратылды. Х.Ерғалиев ауылында И.Шөкетаев, С.Әдиев көшелері бойында орналасқан тұғырларға «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз», «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңесі тақырыптарындағы баннерлер орнатылды.

Өткізілген ішкі талдау барысында Қамысқала ауылдық округі әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Бас маман: Мырзағали Мирас

Бас маман: Кадырова Айгуль

 

Келісілді :

Қамысқала ауылдық округі

әкімінің міндетін атқарушы : С.Омашев


Мақаланың шыққан күні: 23.07.2019 15:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2019 15:50

Қаралым саны: 521