Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.07.2018

Қызметтер

Ішкі конкурс: Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, D-О-1 санаты, 1 бірлік

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру.

Атырау облысы әкімінің аппараты, 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7122)270950; 354525, факс: 8(7122)355030, e-mail: aty.akimat@gmail.com, Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпуының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды: Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, D-О-1 санаты, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 182 388 теңгеден 246 515 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Энергетика және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің жобалау жұмыстары мен қызметтері нарығының сұранысы мен ұсыныстары конъюктурасының жай-күйін, оның даму беталыстары мен перспективаларын зерделеу жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырады. Энергетика және инженерлік инфрақұрымдар объектілерінің құрылысын жобалау және жаңғырту, коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі жөндеу мәселелерін реттейтін нормалар мен ережелерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды. Өз құзыреті шегінде ортақтандырылған көздерден қаржыландырылатын энергетика, инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін жобалауға, олардың құрылысын салуға және жөндеуге жататын энергетика және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің жобалау-сметалық құжаттамаларын қарап, келіседі. Тиісті органдармен бірлесіп инженерлік-құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын, сонымен қатар, облыс аумағында салынып жатқан энергетика және инженерлік инфрақұрылымдар объектілер құрылысының сапасын бақылауды жүзеге асырады. Тапсырысшылардың, мердігер ұйымдардың және басқа да энергетика және инженерлік инфрақұрымдар объектілерінің құрылысын салу процесіне қатысушылардың арасындағы келіспеушіліктерді шешуге қатысады. Жергілікті және республикалық бюджеттерден бөлінетін кредиттік, мақсатты трансферттер, сондай-ақ инвесторлар қаражаты есебінен қаржыландырылатын басымды инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді. Коммуналдық шаруашылық саласында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын және мемлекеттік саясатты іске асыруды, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді. Коммуналдық шаруашылықтың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы, бас құрылыстарын дамытуға қатысу, энергетика кешені кәсіпорындары қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдауды жүргізуді және жүйелі ақпарат жинауды жүзеге асырады. Коммуналдық шаруашылық саласында бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функциясын орындау, облыстың энергетика саласын тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізеді. Тұрғындардың және кәсіпорындардың коммуналдық қызметтерге қажеттіліктерін болжамдық бағалау негізінде оның орнықты жұмыс жасау есебімен коммуналдық шаруашылықтың даму стратегиясы мен тұжырымдамасын әзірлейді. Мемлекеттік және жекеменшікке негізделген коммуналдық-шаруашылық объектілерін ұстау мен жөндеудің ұйымдық нысандарын енгізу жөніндегі тәжірибені жинақтап қорытады және ұсыныстар әзірлейді. Стратегиялық жоспарды, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды келешекте энергетика кешені кәсіпорындары дамуының индикативтік болжамын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, олардың орындалуын талдайды және проблемалық мәселелерді шешу жөнінде тиісті ұсыныстар енгізеді. Мемлекеттік тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіреді, энергетика кешеніндегі реформа барысын бағалайды және облыс басшылығына баяндау үшін талдамалық материал дайындайды. Ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен бөлімдердің, азаматтардың арыздары мен шағымдарын уақытылы қарауды қамтамасыз етеді. Ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың қызметін үйлестіреді.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары техникалық, заңгерлік, экономикалық.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес.

Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс. Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды atyrau_akimat@atyrau.gov.kz электрондық пошта адресіне не «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы арқылы электрондық түрде берулеріне болады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық түрде берген азаматтар әңгімелесу басталғанына дейін екі сағаттан кешіктірілмей кешіктірмей құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкустық комиссиямен әңгімелесуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Атырау облысы әкімі аппаратында өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

________________________ (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар: _______________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

 ____________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)

________________________
Лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2

Ұлты (қалауы бойынша)

Нанациональность (по желанию)

 

3

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками

 

6

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

Қабылданған / приема

босатылған/

увольнения

 

 

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_____________________

Күні / дата


Мақаланың шыққан күні: 04.05.2018 08:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.05.2018 08:34

Қаралым саны: 92