Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорынның 2018 жылдың I–жартыжылдықта атқарылған жұмыстары бойынша сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналды-қазыналық кәсіпорынның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасын 2015 жылғы

18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналды-қазыналық кәсіпорны. Мекен жайы: Атырау қаласы, Жұмыскер селосы, Ш.Абишев көшесі №97 «а» үй. Электронды пошта: zhumyskerdk018@mail.ru, телефондар нөмірлері 8/7122/23-61-36, 23-63-48, 23-60-36.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2018 жылдың I-жартыжылдығы.

I.Ақпараттық-талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында кәсіпорын директорының 2018 жылдың 19 маусымы №103-01-03-1 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы мекеменің өз қызметінде басшылыққа алатын Заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді басқа да құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2018 жылдың I-жартыжылдығында мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар:

1.Кадрлардың ауысуы;

Мекемеде штат саны 51 бірлікті құрайды. Нақты жұмыс жасайтындар 44 жұмыскер, оның 14-і қалалық жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен келгендер.Бос орын – 7 оның ішінде мамандар -5,техникалық қызметкерлер -2. Бос жұмыс орнына жұмыскерлер алу үшін қалалық жұмыспен қамту орталығына апта сайын бос жұмыс орны туралы хабарлама беріліп отыр.

Кадрлардың ішкі ауысуы – 3 бірлік, өз еркімен жұмыстан босатылған - 3, қабылданған -3. Жағымсыз себептер бойынша жұмыстан босатылғандар жоқ.

Бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлерге кезекті еңбек демалысын беру жоспары бар. 2018 ж.1-ші жартыжылдығында қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданылған жоқ.

Қызметкерлерден қызмет бабында түскен өтініштер уақытында қаралуда.

2.Бюджет қаржысын игеру:

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналды – қазыналық кәсіпорнына 2018 жылға бөлінген қаражат ай сайынғы қаржыландыру жоспары негізінде жұмсалуда. Жаңадан құрылуана байланысты 2018 жылдың ақпан айынан бастап қызметкерлерге еңбекақы төленді. Еңбекақы бойынша зейнетақы жарнасы, табыс салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемдері төленді. Қызметкерлердің сот орындаушыларынан Атырау облысы 02.03.2018 жылы және Атырау облысы 06.03.2018 жылы келіп түскен қаулы негізінде алименттер ұсталынып аударылуда.

3.Мемлекеттік сатып алу қызметі бойынша:

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналды – қазыналық кәсіпорынның мемлекеттік сатып алулар жөнінде 2018 жылғы жоспарының 6 айы бойынша төмендегіше қызметтер жасалды:

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес бір көзден «ITCOMSERVICE» пен келісім-шарт жасақталып 451000(төрт жүз елу бір мың) теңгеге қызметкерлерге берілетін кеңсе тауарларды және ғимараттың ішкі тазалығы үшін пайдаланылатын шаруашылық тауарлар сатып алынды.

2018 жылға бекітілген жоспарға сәйкес «Парус-Каз.Бюджет» бағдарламасының қызмет көрсетуі сатып алынды.

«Жұмыскер мәдениет үйі» мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттік сатып алулар Заңына сәйкес бір көзден ҚР Елтаңбасы, ҚР Туы және Ту тұғыры Жеке кәсіпкер «Дәулетов»- пен келісім-шарт жасақталып 128800 (бір жүз жиырма сегіз мың сегіз жүз) теңгеге алынды.

2018 жылғы мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес бір көзден Жеке кәсіпкер «BESTCOM» пен келісім-шарт жасақталып 313500(үш жүз он үш мың бес жүз) теңгеге бейне бақылау және оның құрылғылары сатып алынып орнатылды.

4.Мәдени-демалыс қызметі бойынша;

Халықтың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Жұмыскер мәдениет үйінде 2018-жылдың 1-жартыжылдығында жоспарлы және жоспардан тыс бірнеше мәдени шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ: Мемлекеттік бағдарлама бойынша, кәсіби мерекелерге арналған шаралар, атаулы мерекелер, ұлттық салт-дәстүр, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шарасы, балалар мен жастар арасында түрлі байқаулар мен сайыстар өткізіліп, оған барлығы 4900 көрермен қатысты. Жалпы осы бағытта жарты жылда өткен мәдени шара саны 42.

2018ж. 14 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өңірлік бағдарламасына сәйкес «Жемқорлық-қоғамның жегі құрты» атты шара өтті. Оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Д.Н.Луқпанова қатысып, өз баяндамасында сыбайлас жемқорлық фактілерін азайту,болдырмау үшін қоғамымыздың әрбір азаматы белсенділік көрсетуі қажет екендігін,сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зияны туралы егжей-тегжейлі түсіндірді және осы шарада департамент дайындаған видеоролик көрсетілді. Шараға қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып оған жауап алды.Сондай-ақ, жыл басынан бері Жұмыскер мәдениет үйі ғимаратының сыртқы-ішкі жақтарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы әртүрлі

көрнекі құралдар ілініп веб-сайттарға жарияланып басшылықтың қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді және бұл жұмыс ұдайы бақылауда болады.

Алдағы уақытта да 2018-жылдың 2-жартыжылдығында да халық игілігі үшін жоспар бойынша мәдени шаралар өткізу көзделуде.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

 

 

 

Жұмыс тобының құрамы:

 

_____________Р.Мулдагалиева

____________ Г.Кайрекешов

____________ К.Губашева

____________ А.Хамитова

____________ М.Елемесов

____________ М.Бозова

МКҚК«Жұмыскер

мәдениет үйі»

директоры А.Жахиев

Бас есепші А.Омаров


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 00:52

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 00:52

Қаралым саны: 1295