Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.03.2020

Қызметтер

2017 жылдың ІІ жарты жылдығына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат «Атырау облысы ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ дене шынықтыру және спорт БӨЛІМІ» ММ

Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесі 25 үй , тел: 8(71233) 2-00-12 kurmangazy_audsport@mail.ru

 

2017 жылдың ІІ жарты жылдығына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының  7-8 бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының 2017 жылғы 16 маусымдағы №126 бұйрығымен бөлімнің бас маманы Рахметқалиұлы Ернар тағайындалды.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлім, өз қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 8 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлім» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады.

Құрманғазы аудан әкімдігінің 2017 жылғы 7 қаңтардағы №21 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландыраылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысының                        1 қосымшасына сәйкес бөлімнің штаттық саны – 3 бірлікті құрайды, оның нақты саны – 3 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 3 адам жіберілді.

Бос орындар болған жоқ. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

-  Қазақстан Республикасының 2014 жылғы шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы;

-  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

-  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

-  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

-  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

-  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетіледі:

1) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1- жасөспірімдік разрядты спортшы, 2- жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар;

2) «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы», спорт төрешісі біліктілік санаттар;

Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-15-97 сенім телефоны орнатылған.  Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартары бөлімнің көрнекі жеріне ілініп қойылған.

Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кезде дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Өзіңнен баста» тақырыпта және мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде  мақалалар жарияланып келеді.

Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың   31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырған.

Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық- балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Бөлімнің ұйымдастырушылық- басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 


Мақаланың шыққан күні: 08.01.2018 22:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2018 22:50

Қаралым саны: 868