Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.04.2020

Қызметтер

Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық бөлім қызметін Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 54 «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жұмыс атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 6 бірлікті құрайды. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» жарлығы;

- Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХII «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-III «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 114-ІV «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012 - 2013 жылдар) бекіту туралы» қаулысы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындаудың және төлеудің» ережесі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту» қаулысы;

- аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № XX-10 «Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы » шешімі;

- аудандық мәслихатының ХІІІ сессиясының 2017 жылғы 30 маусымдағы №35 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы » шешімі;

- аудандық мәслихатының XXXV сессиясының 2015 жылғы 18 қарашадағы №35-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешімі;

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 191 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

2) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

3) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

4) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

5) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;

6) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;

7) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

8) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;

9) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;

10) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

11) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;

12) «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

13) «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;

14) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»;

15) «Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;

16) «Ақталған адамға куәлік беру»;

17) Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;

18) Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

19) Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

20) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты ) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

21) Некені (ерлі-зайыптылықты ) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

22) Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

23) Т.А.Ә.А өзгертуді тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу енгізу;

24) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру ;

25) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер немесе анықтамалар беру ;

26) Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

2018 жылдың 5 айындағы жағдай бойынша бөлімде жалпы саны – 4452 мемлекеттік қызметттер көрсетті, көрсетілген мемелкеттік қызметтердің қызмет уақытынан кешіктіріліп орындалғаны болған жоқ.

Бөлімге жеке тұлғалардан 2018 жылдың 4 айы бойынша 6 өтініш келіп түсіп, олардың 3-не түсіндіріліп, 3-нің өтініші қанағаттандырылды. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-12-29 сенім телефоны орнатылған.

Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар

жариялаудың медиа-жоспары жасақталып ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мақалалар аудандық «Қызылқоға» газетіне жариялануда.

Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 06:57

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 06:57

Қаралым саны: 1057