Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

2017 жылдың 1-ші маусымындағы жағдайға «Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік -бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» КММ-нің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат»

2017 жылдың 1-ші маусымындағы жағдайға «Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік -бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі » КММ-нің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат».

Индер аудандық жұмыспен  қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде,  келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық бөлім қызметін Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 224 «Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне  сәйкес бөлімнің штатық саны – 7 бірлікті құрайды, онын нақты саны -6 бірлік,бос орын-1 бірлік- бөлім басшысының орны. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 3 қызметкер жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін 3 адамнан тұратын жұмысшы тобы құрылды.Топтың төрағасы бөлім басшысының міндетін атқарушы –Б.Муратова.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» жарлығы;

- Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХII «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-III «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63-III «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 114-ІV «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012 - 2013 жылдар) бекіту туралы» қаулысы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»
бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195  «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындаудың және төлеудің» ережесі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту» қаулысы;

- аудандық мәслихатының ХVІІІ сессиясының 2013 жылғы 27 қарашадағы № 154 ,155 VI сайланған аудандық мәслихатының кезектен тыс ХІ сессиясының 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 100 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту және атаулы күндер мен мереке күндердің тізбесін белгілеу туралы » шешімі;

- аудандық мәслихатының ХVІ сессиясының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 134 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санатттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы » шешімі;

- аудандық мәслихатының XVІІ сессиясының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 317 «Индер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешімі;

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 191 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына және Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 293 «Атырау облысында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;

2) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

3) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

4) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

5) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

6) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;

7) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;

8) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

9) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;

10) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;

11) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

12) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;

13) «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

14) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»;

15) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»;

16) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»;

17) «Ақталған адамға куәлік беру»;

18) Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;

19) Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

20) Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

21) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты ) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

22) Некені (ерлі-зайыптылықты ) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

23) Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

24) Т.А.Ә.А өзгертуді тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу енгізу;

25) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру ;

26) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер немесе анықтамалар беру ;

27) Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бөлім жалпы саны – 5007 мемлекеттік қызметттер көрсетті, көрсетілген мемелкеттік қызметтерден 2 қызмет уақытынан кешіктіріліп орындалғаны үшін бөлімнің 1 мемлекеттік қызметкері және жұмыспен қамту орталыгығың маманы жауапкершілікке тартылып, тәртіптік шара қолданылды.

Бөлімге жеке тұлғалардан 2017 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша 52 өтініш келіп түсіп, 29 жеке тұлғаға түсінік беріліп, 23 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-14-60 сенім телефоны орнатылған. Аудандық бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің кейбір түрлеріне өзгерістер енуіне байланысты халыққа түсіндіру мақсатында «Дендер» үнқағазына ағымдағы жылдың 2 ақпанында «Әлеуметтік қолдаудың әлеуеті» атты тақырыпта, 9 наурызда «Сыбайластыққа жол берілген жоқ» атты мақалалар жарияланды. Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мекемесінің 2016 жылы қазан айында жасақтаған аудиторлық есебі қорытындысымен анықталған кемшіліктер оның ішінде:

-негізсіз анықталған іс сапар шығындары -23,8 мың. теңге бюджетке кері қайтарылды ;

- тиімсіз пайдаланылған «Газ 3102-311» автокөлігі 2016 жылдың желтоқсан айында бөлімнің баланстық есебінен шығарылды.

Аудан прокурорының 2017 жылғы 23 мамырдағы №2-0503-17-00402 ұсынысында бас бостандығынан айырылған аудандық пробация бөлімінің есебінде тұрған азаматты жұмыспен қамтамсыз етілмені анықталып, қортындысында бөлімнің қызметкеріне тәртіптіктік жаза берілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2017 жылғы 25 мамырдағы Ұйғарымда көрсетілген заңнама талаптарының бұзушылықтары қалпына келтіріліп, толықтай жойылды.

Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 


Мақаланың шыққан күні:: 10.07.2017 03:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.07.2017 03:08