Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Кәсіпкерлердің назарына

Облыс кәсіпкерлері назарына! Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне  мемлекеттік гранттар бойынша конкурс өткізіледі.

 

Конкурсты ұйымдастырушы: Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы;

Орналасқан орны: Атырау қаласы, облыс әкімдігінің ғимараты, Әйтеке би көшесі 77;

Почталық мекенжайы: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77;                           

Электронды почтаның мекенжайы: Atyrauobl_upp@mail.ru;

Байланыс телефоны: 35-45-75, 35-45-89, 27-11-21.

Конкурс нысаны: ашық конкурс

Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа қайта тіркелген мемлекеттік қолдауға сұраған сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бір күнтізбелік жылдан аз болатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер тапсыру орны: Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім мен конкурстық
құжаттаманың толык пакетін ұсынады.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dkb2020.kz сайтында танысуға болады.


Мақаланың шыққан күні:: 24.06.2016 10:15
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.09.2016 13:17